Лекциялық
кешен
Әбділда Тәжібаев (1909-1998 ж.)
Әдебиетке үгіттік
қысқа өлеңдер жазып келген Ә.Тәжібаев уақыт
оте келе сыршыл лирик ақын ретінде қалыптасты. Ақын поэзиясының
негізгі тақырыптары патриотизм, халықтар достығы, еңбек
адамдары, өнер т.б. болып келеді. Ол қазақ поэзиясына жаңа
саз, сарын алып келген, өзіндік бет-бейнесі бар ірі ақын. Ә.Тәжібаев
поэзиямен қатар драматургия саласында да көп қызмет атқарды.
Ақын, драматург қаламынан туған шығармалардың қазақ
әдебиеті тарихында белгілі дәрежеде алатын орны бар.
Ақын, драматург,
әдебиет зерттеушісі Ә.Тәжібаев 1909 жылы 4 ақпан күні
Қызылорда қаласында дүниеге келген, алты жасында әкесінен
айрылып, анасы Айманкүлдің тәрбиесінде қалады. Көп
қиындық көрген ол жаңа өкімет орнағаннан кейін
интернатқа алынып, сонда тәрбиленеді.
Ауыз әдебиеті
мен Орта Азия халықтары әдебиетінің үлгілерін жақсы
білген ақын шешесі Айманкүл жас баласының жүрегіне поэзия
нұрын құйып, ықпал етеді. Жеті жылдық мектепті бітіргеннен
кейін Ә.Тәжібаев *Еңбекші қазақ* газетінде қарапайым
жұмыс істеп жүріп, 1927 жылы шыққан *Сыйлық* атты
жинаққа тұңғыш өлеңін бастырды. Сөйтіп
үлкен өнер жиегіне шығып, ақындық жолға түседі.
Ә.Тәжібаев
Қазақ ССР-нің халық жазушысы (1985,/ филология ғылымдарының
докторы, /1970ж.) профессор (1976.)7 Ол республикалық газет журналдарда, Жазушылар
Одағында, ҚР ҒА тіл және әдебиет институтында қызмет
істеп барып, демалысқа шықты.
Ақынның
тұңғыш жинағы *Жаңа ырғақ* деген атпен
1933 жылы шықты. *Оркестр* (1935ж.), *Құтқару* (1935,1936,1939ж.),
*Шын жүректен* (1949ж.), *Сүйген жүректер* (1957ж.), *Таныс дауыстар*
(1984) атты поэмалары мен өлендері жарық көрді. Қазақ
поэзиясының елеулі туындылары ретінде ілтипатпен бағаланған *Гүлден
дала*(1953ж), *Аралдар* (1958ж.), *Жастық жырлары* (1962ж.), *Құрдастар*
(1977ж.), *Толағай* (1978ж.) т.б. жыр жинақтарын жазды. 1973ж. шыққан
*Көне қоңырау* жинағы үшін Қаз ССР-нің
Абай атыңдағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
Жасампаз ақын
шығармаларында бүгінгі дәуір, замандастар жайлы сыр шертеді, жас
ұрпақты патриотизм, интернацианализм рухында тәрбиелеуді басты
мақсат етеді, оларды адал, еңбексүйгіш болуға үйретеді.
Ә.Тәжібаев
*Жүректілер* (1963 ж.) пьеса жинағының, *Халқым туралы
аңыз*, *Жомарттың кілемі*, *Көтерілген күмбез* атты
драмалық дастандардың, *Майра*, *Жартас*, *Жалғыз ағаш
орман емес*, *Көңілдестер*, *Қыз бен жігіт*, *Монологтар*
пьесаларының, *Дубай Шубаевич*, *Той боларда* комедиялардың авторы.
Бұл шығармаларында адамның бас бостандығы қоғамдағы
орны, махаббатты, азаматтық парыз сияқты мәселер
көтерілген.
Ірі ақын
әрі драматург Ә.Тәжібаев әдебиеттану саласында да
жемісті еңбек етіп келеді. *Өмір мен поэзия* монографиясында
(1960ж.) қазақ поэзиясының жекелеген мәселелері,
*Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы* атты
зерттеуінде (1971ж.) қазақ драматургиясының өзскті
мәселері талқыланды *Жылдар, ойлар* (1976ж.), *Хаттар
сөйлегснде* (1980ж.), *Өмір мен ерлік* (1985ж.) деген сын, эссе,
проза кітаптарында әдсбист псн өнерге қатысты жайлар
жөнінде болымды пікірлер айтады. Көптеген шығармалары ССРО
және шетел тілдеріне аударылды.
*Жаңа
ырғақ* тұңғыш өлеңдер
жинағындағы жас ақын Ә.Тәжібаевтің алғашқы
аяқ алысын, кемшіліктерімен қатар үлкен үміт
күттіргсн талантын
танып С.Мұқанов ол жинақтың алғы сөзіне
былай деп жазган екен: *Қазіргі күнде Әбділда санаулы
пролетариат ақындарының бірі. Әбділда ақын
болғанда құр ғана ақын емес, кезегі келгенде
сыншы, ксзі кслгсндс
саясатшы*. Бұл жинақтағы ақын көтерген басты
тақырыртың бірі - колхоз болып ұйымдасуға,
өнер-білім үйреуге шақыру болды. Жаңарған елді,
түрленген даланы өз жырының негізгі арқауы етті. Ә.Тәжібаев осы жинақтағы сәттірек
шыққан *Айнабұлак* өлсңіндс
табиғаттың тамаша көріністерін жырлады.
Ұзақ
жылдар бойы әдебиет өнеріне қалтқысыз қызмст
стксн, қазақ поэзиясының аса ірі өкілі
Ә.Тәжібаевтың 1960-1961ж. өлең-поэмаларының
екі томдығы жарық көрді.
Ә.Тәжібасв
1956 жылы Европа елдерін аралап, әрқилы әсср алып
қайтты. Саяси лирикада ірі-ірі шығармалар берді. Қытымыр
уақытта шетел өмірімен танысуға кез-келген
ақынның мүмкіндігі бола бермейтін. Ол үшін талай
тексерістен өтіп, сенімді адам ретінде мойындалғанды ғана
рұқсат етілетін. Шетел сапарларынан оралғаннан кейінгі
әсерді жазуды ақын Әбділда бастаса, оны жалғастырып,
үрдіс ретінде алып кетуші ақын-жазушылар болды. Аманжол Шамкенов
үнді сапарларын жыр етсе, шетсл саяхатынан Т.Молдағалиев
*Жүрегім менің сапарда* атты кітап жазды.
Уақыт
қойған талаптан Ә.Тәжібаев та сырт қала алмады.
*Стамбулдан өтксндс* дсгсн өлсңіндс *Көрдіңіз бе,
мен болғам мұсылман, Жас жүрсгім шариғаттан қысылған*
дсй ксліп, *Қорқақ анам құлдық ұрып,
құларда, Ленин мсні құтқарған да
ұшырған* дсйді. Мұсылмандықты ұнатпайтын
ақынның тіпті.
*Қадады әне кәрі
Стамбул жағадан, біздсй
көзін маған
өшіккен* (363-354 бст) деуінде дс сол кездсгі қоғамдық
көзқарастың, саясаттың әссрі бар. Сонымен біргс
өзіндік дүниетанымымсн ақын қазақ лирикасы
қорына көп үлес қосты.
*Тсңізге
тілек* деген өлсңінде тұтасқан ойды табиғи
қалпымсн танытады:
Толқындай
алуан сырлы өлшеммен жазылған шағын ғана дүниедс
ақындық қуат, ақындық сезім айқын
көрінеді. *Я күйрейін, күл болайын, Я теңізге
айналайын* деп, ақын дүлей жаратылыс күшін паш етеді. Сол
алып жолдың құрбаны болуға дайын, ол теңіздей
сұрапыл сезім құшағына енсді. Ә.Тәжібасв тың
ойларды батыл айта алған парасатты
пікір иесі, тебіреністер мен толғаныстарын сезіммен әлдилейтін
зергер ақын екені ақиқат. Ол *Аралдар* деген
өлеңінде:
Көз алдыңа жанды сурет ала
келетін *Лапылдап барып өшті күн* деуі, *Жанымды желге жайдым да*
деп тебіренуі қуат күшті танытады. Лирикалық
кейіпкердің сырын аша түсу арқылы ақын өз жанының
тсбіренісіне сүңгиді. Сол арқылы табиғат
болмысының сырын ашады, терең тұңғиығына
үңіледі.
Ақынның
50-ші жылдары жазған лирикаларының ішінен *Сыр жырлары* (1959ж.)
айрықша көзге түседі. Бұл өлең 1936ж.
жазылған *Сырдарияның* қайта бір жаңғырған
жалғасы тәріздес. Ақын араға ұзақ жыл салып
Сырмен сырласады. Бұрынғыдай албырттық асау сезімнен
гөрі, ойлы сезімді тиянақ етеді. Есейген, өскен биігінен сыр
толғайды, дариядай тебіренеді. Осы орайда М.Әуезовтің:
*Әбділда шығармаларының негізгі үлгісі, жанры - поэзия.
Бұл жанрдың ішіндегі айқын ерекшелігі - оның сыршыл
лирик ақын болуыңда. Ақын еңбектері әуелі
қысқа көбінеше саяси
лирикадан басталады да, кейін лирикалық толғауларға,
лирикалық сарыны мол романтикалық поэмаларға ауысады.
Сөйтіп *Сырдариядан* *Оркестрге дейін*, одан *Еске алуға* дейін
созылған қадау-қадау сыршыл жырларының
бәріне де Әбділда
өз лирикасынның өзгсшс
өнімді бітімін айқын танытып отырады*, деген пікірінс
сүйенсек, Әбділда Тәжібаев туа бітксн табиғи лирик
ақын екенініне еш күмән қалмаса керск.
ӘТәжібаев 10-нан астам поэма жазды. Бұлардың ішіндсгі айрықша
сәтті шыққандары -*Темірші*, *Портреттср*, *Ол* т.б.
Ақын поэмаларындағы ұзақ сонар эпикалық оқиға жоқ. Айтайын дсген ойын
болмашы ғана оқиғаға ұштастырып, шағын көлсмде жып-жинақы етіп береді.
Ол поэма жанрының ішкі байлығын ксң пайдануға
тырысқан ақынның бірі. Қазақ поэзиясының
түбегейлі бір саласы жыр-толғау болса, жазба ақындар, соның бірі - Ә.Тәжібаев та осы үлгіге жиі-жиі
қалам тартып отырады. *Толғау*,*Сарыарқа* поэмаларында ауыз әдебиеті
дәстүрлерін жаңарта дамытып, өлсңдік сапасын күшейтуге
қосқан үлесі бар.
*Ақын* - эпикалық кең құлашты поэманың үзіндісі.
Мұнда бала
ақын Жамбылдың қарт ақын Сүйінбайдан бата
алғалы келген бір ғана оқиғасы сөз болады. Поэмада
творчество адамның шарықтаған қиялын, шадыман шабытын,
сезімтал жүрегін дәл тауып, реалистік сипатты бере алаган. Бір
ғана мысал қарт жыраудың әңгімені айтып болып,
жантайған сәтіндегі, май шамның оты жанып біткен кездегі көріністі:
Осынша тастай
қара қою түнді
Қалайша көтереді екен әлсіз жарық.
Сәуле өшті құлағандай тіреуіші-
Көмілді қараңғыға
үйдің іші,- дейді
Болашақ үлкен ақын жүрегінде ерлік-сезім, алғыр ой,
әр құбылысты
бейнемен қабылдайтын дарын
барын баяндайды. Бұл-ақын образын жасаудағы
жаңа тәсіл.
Ал
ақынның 1970 жылдары кемеліне келіп, толысқан шағында
жазған драмалық поэмасы *Монологтарында* ссімдсрі сл жүрсгіне
сақталған ардагср азаматтар - жалынды ақын С.Сейфуллин,
Ұлы Отан соғысының даңқты батырлары: генерал
Панфилов, Төлеген Тоқтаров, Мәншүк Мәметова, екі
мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы.Жақасв,
қазақтың бұлбұл қызы Күләш
Байсейітова, академик Қ.Сәтпаев бүгінгі
ұрпаққа тіл қатып, өздсрінің жүріп
өтксн жолдары туралы тебірсніп сөйлсйді, тсрсң сезімге
бөленген, ұтқыр ойлы, қуатты монологтар бізге
уақыт шындығының үлкен шындығын
ұқтырып, жаңа заманның күрескер, қайраткер
адамдарының ірі тұлғасын танытады.
Жаңашыл
ақын, дарыңды драматург, ғалым, әрі қоғам
қайраткері Ә.Тәжібаев әдебиеттің бар саласында
түйдек еңбек етті. Оның толысқан, кемелденген
талантынан оқушы мен көрермен жұртшылығы бұдан
әрқашанда өнімді
жеміс, өрнекті ой ала беретіні ақиқат құбылыс.
Хамит
Ерғалиев (1916-1997)
Аса
көрнекті эпик ақындармыздың бірі, Қазақ ССР
халық жазушысы (1986) Х.Ерғалиев Атырау (Гурьев) облысының Новобогат
ауданыңда дүниеге келіп, Алматы
қаласында қайтыс болған. Алғаш ауылында сауатын
ашқан ақын, 1939жылы Гурьев қаласындағы мұнай
жұмысшы факультетін бітіріп, қазақ мемелекеттік
универститетіне (Киров атындағы- Аль-Фараби) оқуға
түседі. Ұлы Отан соғысына қатысқан
Х.Ерғалиев соғыстан кейінгі 1950 жылдарға дейін *Социалистік
Қазақстан* (Егеменді Қазақстан) газетінің
редакциясында әдеби қызметкер, 1950—1957 жылдары Қазақстан
жазушылар одағында қазақ поэзиясы секциясының
меңгерушісі, 1958-1959 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем
әдебиет баспасында («Жазушы») поэзия редакциясының
меңгерушісі болады. 1959ж өмірінің соңына дейін
бірыңғай творчестволық жұмыспен айналысты.
Ақын
өлеңдері алғаш 1936 жылы баспасөз бетінде жарық
көрді. Содан бергі 50-60 жылдың ішіңде оның 40-қа
жуық төл кітаптары мен аударма жинақтары оқырман
игілігіне айналды. Сонымен қатар проза саласында қалам тартып,
әңгімелерін, көркем очерктері мен публицистикаларын жеке-жеке
кітап етіп ұсынды. Хамит Ерғалиевтің көп
шығармалары орыс тіліне аударылып, Москва баспаларынан кітап болып
жарық көрді.
Аудармашы
ретіңде Пушкин мен Лермонтовтың, Шекспир мен Байронның, Науаи
мен Маяковскийдің туыңдыларын қазақ оқырмандарына
жеткізді. Ол сонымен қатар Қырғыздардың *Манас*,
Қарақалпақтардың *Қырық қыз* атты халықтық
жырларын қазақшалауға белсене қатысты.
Хамит
Ерғалиев Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының
лауреаты (1982) және 1-2 дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі
рет Еңбек қызыл ту орденімен, Құрмет белгісі орденімен,
медальдармен наградталған жазушы.
Майдангер ақын
Х.Ерғалив дауылды жылдардағы өлендерімен қазақ
поэзиясына жаңа леп ала келді. Оның *Ауылға*,
*Сағыныш*, *Салют*, *Көктем*, *Дунай* сияқты өлендері
шын мәніндегі патриоттық шығармалар еді. Ақындық
асқан тебіреніс, өзіндік қолтаңба, сезім
шынайылығы, көркемдік дәлдік, аз сөзге көп
мағына берушілік сияқты сипаттар Хамиттің
өлеңдерін идеялық көркемдік сапасын бірден жоғары
көтеріп әкетті.
Сыры
терең, сиқыры мол ақын творчествосының тақырыбы
әр алуан. Ол қазақ халқының өткен
кезеңі мен бүгінгі күнін, төңкерістерді, Отан
соғысын лирикалық, эпикалық жоспарда жырлап келеді.
Замандастарымыздың
терең патриоттық сезімін, биік адамгершілігін, жарқын
тұлғасын кең тынысты эпикалық өрнекте сипаттауда
ақын ұлттық поэзияның үнемі алдыңғы шебінде
болды. 1947жылы *Әке сыры* атты лирикалық-философиялық
поэмасында ақын замандастарымыздың моральдық адал
қасиеттерін шеберлікпен жырға қосты. Поэмадағы
өзінің жас жеткіншек сәби ұлымен сырласатын лирикалық
герой соғыс жылдарының қиын-қыстау күндері мен
сұрапыл шайқасын еске алып, адамгершіліктің туын
көтерген жауынгерді ұлына үлгі етеді. Соғыстың
дауылды жылдарына айрықша тоқталып, оны бүгінгі бейбіт
өмірмен ұштастыра жырлау сол кездегі лирикалық өлеңдерде
жиі көрінген-ді.
1937-1938
жылғы қасіретті көзімен көрген ұрпақ
(Т.Жароков, Ғ.Орманов, Қ.Бекқожин, Х.Ерғалиев т.б.)
жақсы өлең, жақсы жыр дастанды жазып келе жатып, *бір
нәрсені ұмытқаным жоқ па* дегендей, қисыны,
келсін, келмесін, партияны, Ленинді, коммунизді дұғадай
қайталап отырады. Егер оны айтпасам, бір пәлеге душар болып кетем
бе дегендей қауіп сезіліп отырады. Мысалы:
Мезгілім бар,
мезгілім тілегімдей,
Іске мені
бастайды бір ерінбей.
Келер
күннің жалғаулы минуты ма
Қатты
соққан өзіңнің жүрегіңдей!-деп
тебірене толғанатын Хамит ақынның *Әке сыры* поэмасы
жақсы-ақ жазылған. Әкенің бөбегімен
сырласып, *Сенің үшін бекініп қайраттандым, сені
қорғап сан рет жауға аттандым* деп, мезгілсіз
бейуақытта соғыстың басталуы, анасымен қоштасуы,
жарымен, баласымен қоштасуы - бәрі де ұнамды, жылы сезіммен
жырланады. Соғыстың қарбалас, қантөгіс
шағыңда өлтіру не өлу заңын алға
тарқан уақыт, заман:
Бәрімізге
бір бұйрық берді Сталин,
Көздеп
аттық өлімнің рейхстагін,- деп тым тәуір
жырланған дүниенің аяқталу сәтіңде:
Кім нанады дегенге көзсіз
жеңдет
Коммунизм адамын қансыратты?-
немесе;
Жетер
мүмкін саңқылдап Меркурийге
Коммунизм
үйінен шыққан даусым.
Тіпті:-Басшым!-десең,
қосылып барлық кітап
Айтып
тұрар Лениндік штабымды- деген тәрізді адам тағдыры туралы
жырға коммунизм, Ленин деген ұғымның
жөнді-жөнсіз қосыла жырлануы -тек Х.Ерғалиев басында
бар кемшілік емес, кешегі аға
буыннан бастап, бүгінгі тәуелсіздікке қол
жеткенге дейінгі әдебиеттің дерті еді. Қоғам, уақыт осындай
қошеметтерге амалсыз көндіріп, көнбегендерді *сындырып*
жіберіп отыратын-ды.
Ұлы
жеңістен кейінгі бейбіт өмір тынысы Х.Ерғалиевтің
жаңа туындыларына арқау болды. *Үлкен жолдың
үстінде*, *Біздің ауылдың қызы*, *Сенің
өзенің* поэмаларында еліміздегі еңбек адамдарының
өмірі ақыңдық шабытпен суреттелді. Ол
поэмалардағы Есболат, Гүлжан, Көшек, Жәмилә
сияқты еңбек адамдарының реалистік образдары -
замандастың жарқын тұлғасын жасау жолындағы ірі
жеңістері. Олардың алып қимылынан бейбіт өмірді
гүлдендіріп жатқан асыл қасиеттері байқалады.
*Біздің
ауылдың қызы* поэмасында институтты бітіріп, мелиоратор-агроном
мамандығын алған Гүлжан шөл даланы гүлдендіру
жұмысын бастайды. Шөл даланы орман алқабына айналдырып, егін
шығымдылығын арттырып, мол өнім алу - бұл
шығарманың өзекті арқауы. Поэма кейіпкерлері
Гүлжан, Жәмилә, Көшек, Шопайлар еңбек
өнімділігін қызу қырқынмен үдете түсуге
бекінген. Шөл даланы көріктендіріп жатқан жасыл орман да,
жайқалған егін де Гүлжан бастаған істің жемісі.
Поэманың бас кейіпкері Гүлжан мектепте оқыған кезінен бастап, институт қабырғасында
жүргенде
өз ауылын ауыр жағдайын
көріп, шөл даланы суландырып, орман дала, егінді
алқапқа айналдыруды көздейді. Оқуын бітіріп,
мамандық алған Гүлжанның басты арманы осылайша
орындалады. Поэманың сюжеті тартымды. Тіл байлығы ақын стилін
ажарландыра түскен.
Х.Ерғалиевтің
*Үлкен жолдың үстінде* поэмасы мұнан мүлде
басқа. Бұл поэмада халық шаруашылығының
өзге бір саласында жүрген замандастар бейнесін таныту бар. Поэма
сюжеті Мойынты-Шу темір жол торабындағы құрылыста еңбек
еткен жұмысшылар өмірін суреттеуге құрылған.
Ақын осы поэмасында жұмысшы өмірін терең барлап
ұнамды бейне жасау проблемасын көтерген. Поэмадағы Есболат
бейнесінің қырлары мен сырлары көп. Ұлы Отан
соғысына қатысып, жеңіс туын тіккендердің бірі Есболат
елге оралысымен бейбіт өмірге қызу араласып, өнегелі ісімен
көзге түседі. Міз бақпай сырын ішке түйіп келген
Бетпақтың шөл даласын адам игілігіне айналдыру
мақсатында салынып жатқан темір жол жұмысы бүкіл
халықтық сипат алған. Құрылыс бастығы
Поповтың да өзіндік орны бар оны жол көрсетіп,
нұсқау беріп отырған порторг ретінде әсірелеп суреттеу
де жоқ емес. Бұл - партия саясатын бәрінен жоғары
қоюдың басты белгісі.
Х.Ерғалиев
қазақ поэзиясына жаңа заманның, бүгінгі
күннің жыршысы болып келді. Ақынның кейіпкерлері сапына
колхозшылардан бастап, мелиоратор, механизатор,
эксваторшы әр саладағы инженерлер сияқты
*өлеңге илікпейтін* мамандық адамдары қосылады. Шынын
айту керек, біздің поэзия мұндай мамандық иелерінің
күнделікті тіршілігіне, ішіне кіре алмай көбіне сыртынан
мадақтайтын. Олардың іс-қимылына ескі поэтикалық
арсеналдан балама, теңеу іздейтін.
Х.Ерғалиев
арнаның жүлдесін бірден тапты да, жаңа заманды, мезгілді
өз тілімен сөйлетті. Қазақ өлеңінің
қасиетін сақтай отырып, ол дағдыны суреттеу, толғау,
баяндау тәсілдерін өзгертіп, өзгеше ұтымды-әсерлі
жол тапты.
Заманының
жалынды жыршысы Х.Ерғалиев өткен заман тақырыбына да батыл барды. Еліміздің арғы-бергі
тарихындағы шолпан жұлдыздай жарқыраған
ұлы адамдардын өмірін суреттеу арқылы сол
дәуірдің шындығын дұрыс көрсетті.
*Құрманғазы*
поэмасы - идеялық мазмұн терендігі, көркемдік
қуатының молдығы жағынан ақын
творчествосының кең құлашын, зор тынысын танытатын
кезенді туынды. Құрманғазының образы тарихи
шындықтың шеңберінде нанымды бейнеленген. Еңбекші
халықтың жалынды күреске ұмтылған дабылды
жырындай естілетін Құманғазының дауылды күйлері
де поэмада әр оқиғаның тұсында асқан
шабытпен естіліп тұрады. Құрманғазының тау
суындай тасқындаған жігерлі күйлерінің
*қысқа күнде қырық мәрте шалқитыны*,
өнерлі ұлын мейлінше құрметтейтін туған
елінің *жүрегі оның жүрегімен жалғас ұрып
келе жатқаны рас.*
Ұлы
өнерпаздың өткен дәуірдегі өнегелі өмірін
бүгінгі шындыққа ұштастыра жырлау
шығарманың көркемдік ажарына әр беріп тұр.
*Құрманғазы*
поэмасының тіл образдылығының қызықтыратын
сәттері көп. Көне сүрлеуге жоламай, сөз
кестелерін жасауға зор күш салған. Бұл поэма кейбір
мін-мүлтіктерге қарамастан ұлттық поэзияның
тарихында ерекше орны бар шығарма.
Қазақ
поэзиясындағы эпикалық жанрға мықтап
құлаған ақын өзінің кең
құлашты үлкен арналы туындысы -
*Құрманғазыны*, оған жалғастыра *Күй
дастан* поэмаларын жазып, қазақ өмірі мен
өнерінің кешегі мен бүгінгісін жалғастырып,
эпикалық ірі дүниелер берді. *Күй дастан* поэмасы
*Құрманғазының* занды жалғасы тәрізді.
Ақынның жемісті ізденісінің нәтижесінде поэмада
үлкен өнер иесі, композитор Ахмет Жұбановтың сом
бейнесі жасалған. Сөйтіп екі дастан табиғи астасып,
халқымыздың әріден беріге жалғасқан өнер
жолын, рухани ізденістері мен күйзеліс тебіреністерін жырлайтын шын
мәніндегі эпикалық кесек туындыға айналды.
Қорыта
айтқанда,*Тарихты қолдан жақсартуға болмайтыны секілді
өз әлімше әр кезеңнің шындығын бейнелеген
шығармада баяғы сол баз қалпында қалып, менің
өсу жолымды көрсетсін дедім* деп ағынан жарылатын Хамит
Ерғалиевтің қазақ поэзиясындағы алар орны ерекше.
Жаңғыру кезеңіндегі
казақ прозасының дамуы (1960-1970 жж)
Әбдіжәміл Нұрпейісов
60 жылдары
прозаның роман, повссть, әңгіме жанрлары көркем
сөз өнсрінің өзгс жанрларымен шығармашылық
бәсекегс түсіп, қоғам мен адам өмірінің
қилы-қилы құбылыстарын, әрі көкейкесті
мәселелерін кең ауқымда қамтып, әдебиеттің
жетекші саласына айналды. Прозаны алғы шспке шығарған
М.Әуезовтің *Абай жолы* эпопсясы, С.Мұқановтың
*Өмір мектсбі*, Ғ.Мүсіреповтің *Қазақ
солдаты*, Ғ.Мұстафиннің *Шығанақ*, *Миллионср*,
*Қарағанды* романдары еді. 50-60 жылдары Х.Есенжанов, З.Шашкин,
Ғ.Сланов, Т.Ахтанов, Ә.Нұрпсйісов, І.Есснберлин т.б. бірталай
жазушылар үлкен прозаға өз үлестерін қосты.
60 жылдары
М.Әусзовтің *Өсксн өркені* жарық көрді.
Бірақ түгел бітпеген роман еді, жазушы тек алғашқы
бөлімін ғана аяқтаған еді.
Проза жанрында
еңбек етуші басқа қаламгерлер өз шама-шарқынша
прозаның бұған дейін көтерілген биігін аласартпау,
идеялық-көркемдік ізденістерін әлсірстпеу бағытында
батыл әрекет етті, партия айтқандай бүгінгі күн
тақырыбын мол көтеруге ат салысты.
Тоталитарлық
құрсау қос өкпелерінен қысып, емін-еркін дем алдырмай,
шығарманы өнсрдің дәстүрлі үрдісі
тұрғысында емес, тек социалистік реализмнің әбдсн
саясаттандырылған, қатып қалған срежелеріне
лайықты жазу талабы әлі де болса үстсмдік стіп,
өктемдік жүргізіп тұрған кезең болатын. Дсгенмен,
сын көзімсн қарап, ойлай білетін қаламгерлер
қазақ дейтін байырғы елдің өткен тарихын,
көркем шежіресін жасауға ұмтылған-ды. Осы салада
өнімді еңбек етіп, эпопея ауқымында шығарма әкелген
Ә.Нұрпейісов болды.
Әбдіжәміл
Кәрімұлы Нұрпейісов 1924 жылдың 22 қазанында
Қызылорда обл. Арал ауданы Кұланды деген жсрінде дүниге
кслді. Қазақ ССР-нің халық жазушысы
(1985) Ә. Нұрпсйісов Ұлы Отан соғысына
қатысқан. 1951-1952 жылдары ҚазГУ-дс оқыған ол,
одан әрі Москвадағы әдебиет институтында оқып, оны 1956
жылы бітіреді. 1962-1964ж *Жұлдыз*
журналының бас рсдакторы
болды. Сол уақыттан бері
творчестволық жұмыста.
Ол әдебисткс 40 жылдардың
2-жартысында араласа бастады. Тұңғыш шығармасы - Ұлы Отан соғысы тақырыбына
жазылған *Курляндия* романы 1950 жылы жарық көріп, осы жылы бұл кітап Жамбыл атындағы
республикалық сыйлыққа ис болды. Шығарманы автор
қайта өндеп, толықтырып, *Күткен күн* деген атпен 1958 жылы қайта
жариялады. Ә.Нұрпейісовтің күрделі туындысы *Қан мен тер*
трилогиясының 1-кітабы *Ымырт* 1961 жылы, 2 кітабы *Сергелдең* 1964
жылы, 3 кітабы *Күйрсу* 1970 жылы жарық көрді.
Туған
әдебиетіміздің
абыройын биікке көтсріп, одақ жұртының ықыласына
бөленгсн бұл
трилогияға 1974 жылы
СССР Мсмлсксттік сыйлығының лауреаты берілді. Трилогия орыс,
өзбск, тәжік, эстон, француз, испан, араб, ағылшын,
түрік т.б. тілдерге аударылды.
Жазушы очерк және әдеби-сын мақалалар жанрында да
жемісті еңбек етіп келеді. Л.Н.Толстой, Ф.М.Достоевский, И.С.Тургенов,
М.Әусзов, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, Ш.Айтматов
творчсстволарын сөз еткен, сын мақалаларының жинағы
*Толғау* деген атпсн жарық көріп,( 1972ж./ кейін
түбегейлі толықтырыған сын кітабы *Жүрсгі тола жыр сді*
болып жарық көрді. (А.Жазушы 1982 ж. ІҮ том)
Кемел ойлы, кең тынысты жазушының 1983 ж.
*Сең* романы (орыс тілінде *Долг* 1984ж) жарық көрді.
Шығарма ішкі динамизмінің қанықтығымсн, тақырыбының, көтергсн мәселесінің көкейкестілігімен назар аудартады. Қазіргі заман тынысы,
бүгінгі таңдағы экологиялық проблемалар
төңірегіндегі толғаныс-тебіреністер, адамның өз
ары алдындағы жауапкершілігі, замандастар мен келешек
ұрпақтар алдындағы азаматтық борышы жайында сөз
болады, романдағы оқиға суы тартылып бара жатқан Арал
теңізіне, табиғатқа деген екі түрлі
көзқарастың қақтығысы төңірегінде
өрби келіп, қазіргі заманға қайнауы жеткен елеулі
проблемаларға тіреледі.
Алайда жазушы
Ә.Нұрпейісовтің атақ-даңқын әлемге
танымал еткен, пьеса болып сахнаға қойылған, кино болып
экранға шыққан *Қан мсн тердің* ерекше орны бар. Бұл трилогияда жазушы халық ортасынан шыққан
қарапайым Еламанның тағдырын сурсттейді. Еламан
мінезінің күйін, өзіндік тұрмыс-салт ерекшеліктерін
негіз еткен.
*Қан мен
тер қалай жазылды? деген мақаласында (Жұлдыз, 1976ж N3) автор
былай дейді:«Бағзы бір замандағы байырғы қазақ
псн кешсгі рсволюция қарсаңындағы қазақ
тірлігіндс салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр,
үрдіс жағынан түк айырмашалық болмаса да,
ұлттық сана-ссзіміндс күрдслі өзгеріс байқалатын.
Сонымен бірге 16 жылғы қазақ ксгін қатты
ширықтырған қанды оқиға тұсында ксшсгі мал
соңында күн ксшксн жалшылардың ойы, санасы өсіп,
оңы мен солын тани бастады. Сөйтіп шым-шытырық өмірден
өзіне сүрлеу жол іздеп табатындай парасатқа көтеріліп
қалып еді... Менің ойымша, кешегі мал баққан
жалшының саналы жолға түсіп, қызыл жалаулатып
революционер болғанын көрсетксннсн гөрі, оның осы жола
қалай келгенін, себебі мсн салдарын көрсеткім келді»-дейді.
Алдына
қойған үлкен мақсатын жүзеге асыру жолында жазушы
Еламан характсрінің эволюциясына, әсіресе осындай қарапайым
адамның жан дүниесіндегі диалектикалық
қарама-қарсы құбылыстарға көп
көңіл бөлсді, оның күрескерлік жолға
түсер, жауапкершілік иссі болар халін, қалып-кейпін танытады.
Еламанның әуел баста қандай кісі екенін білдіріп, кейін оны
күрескер болуға итермслегсн қандай жағдай, нендей
қажеттілік екснін үғындырады.
Мысалы, Еламан
мен Құдайменде екеуінің арасындағы егесті автор былай
суреттейді: *Еламан атына қарғып мінді. Өліктей
бозарып ол да өз атын омыраулатып тебініп келіп қалған-ды.
Бірақ Құдайменденің қасында әзір
тұрған жігіттер жолын кеселеп жібермеді. «Ұмытпа
осыныңды»-деді де, Еламан атының басын бұрып ап,
құйындатып шаба жөнелді *
Еламан
балықшылар промсолына осы оқиғадан кейін келген-ді, егер
Құдейменде жігіттері бөгемегенде байға сес
көрсетіп қана қоймай, одан қарымтасын
қайтаруға, қорлыққа көнбеуге дайын екенін
байқатып келген-ді. Сондықтан *Күнім туса көрермін,
ұмытпа осыныңды* деген сезден тек өжеттік қана емес,
кек ұшқыны да елес берген-ді. Еламан
бойындағы намыс оты көп күттірмей оқыс тұтанады.
Өзінің және балықшы достарының ар-намысын
табанға таптаған қаныпезер Феодоровтың
озбырлығына одан әрі шыдай алмай *темір сүйменді...
құлаштай сілтейді.*
Бұл
Еламанның Сібірге айдалар алдындағы әрекет-қимылы еді.
Халық назасына ұшыраған опасызды осылайша өзі
қазған орға өзін түсіреді. Сібір түрмесінен
қашып келгеннен кейін елдегі жағдайды байқаған Еламан:
*Ал кеттік, жігіттер!*-дсп көпшілікті күреске, көтеріліске
бірдсн бастап кетпсйді. Бірақ шұғыл серпілісті
Кәленнің қауырт әрекеті тездетіп жібіреді. Алайда Кәлен екеуінің әрекеті сәтсіз болып, інісі
Раймен әскерге, түрік еліне кете береді. Міне осылайша талай қиындықты басынан
кешірген Еламан осыдан былай көне қоғамды күйретіп,
жаңа өмірді орнату мен орнықтыру жолындағы
күреске белсене қатысады.
Сайып келгенде,
Ә.Нұрпейісовтің *Қан мен тердегі* түбегейлі
мақсаттарының бірі - революция алдындағы
елең-алаңда-ақ күрескерлік жолды қалаған
Еламанның төңкеріс оқиғаларынан кейін жаңа
заманды орнықтыру ісіне белсене қатысуын тиянақты бейнелеу
еді. Жазушы оны қолдан асығыс революционер еткісі келмейді. Тарихи
шындық пен кейіпкер характерінің табиғи шындығына
сырттан қысым жасамайды.
Ал күні
кешеге дейін /1990ж./жарқын болашақ делініп келген
қоғамдық құрылымға беріле, толқусыз
түскен жандар нағыз жаңа заман адамдары болып танылады.
Революция мен
адам проблемасы арқау болған бұрынғы қазақ
прозсында қоғамдық құбылыс пен адамға
таптық, әлеуметтік баға беру жағы басымдау болса,
трилогия авторының тек сол сүрлеумен кетпей, адам характерін
әлеуметтік жағынан талдау арқылы оның болашақ
тағдырын айқындауы шығарманың бағасын арттырады.
Еламанның
ұлттық характерінің ең жақсы сипат-белгілері
болып табылатын күрескерлік, әлеуметтік белсенділік, жауапкершілік,
өзге ұлттың адал адамына деген ілтипат сияқты
құнды қасисттері жаңа заман адамына тән
қасисттер.
Еламан
тағдырын, ел тарихын арқау еткен трилогияда 1914-1920 жылдар
аралығында Қазақстанда болған тарихи
оқиғалар: қазақ халқының революция
алдындағы және қазан төңкерісі, Азамат
соғыс жылдарындағы өмірі, қазақ
еңбекшілерінің билеуші тап өкілдеріне қарсы
күресі, орыс еңбекшілерімен бірге өз қарсыластарымен
болған шайқаста Совет өкіметін ерлікпен
қорғауға белсене қатысуы тарихи шындыққа
сай, шынайы көркемдікпен суреттелген. Нұрпейісов сол тарихи
кезендегі халық өкілдерінің қайталанбас, дара,
күрделі тағдырын, типтік бейнесін жасады. (Еламан, Кәлен,
Тәңірберген, Сүйеу т.б.)
Қорыта
келгенде, ірілі-ұсақты туындыларының
қай-қайсысында да дүниедегі мәңгілік
сұрақтарға жауап іздемейтін суреттер жоқ. Шекспир
шығармаларындағы (1564-1616 ж. ағылшын ақыны,
драматургі) қылышынан қаны тамған қатыгез орта
ғасыр мінезі, Толстой (1828-1910ж) романдарындағы дворяндық,
ақсүйектік Россияның сырбаздық мінезі, Достоевский
(1821-1881ж) қаламымен көркемдік ойының күллі кредосына
айналған адамзат атаулының *пұшаймандық* мінезі,
Әуезов творчествосында тұтастық сипат алған феодалдық-патриархалдық
даланың және сол даланың мекен еткен тұтас бір
халықтың іштей түлеп, сілкіну мінезі.
Осылайша,
әлемдік өлшемге көтеріліп, әдсбиет есімді дана
қарттың тозбас бөркін киген бұл суреткерлердің
қай-қайсысы да мәңгілік өмірді өзінше
толғап, өз сөзін айтып, дүниеге өз *мінезін*
таныта келген.
Осы тізімді соза
түсіп, әдебиеттің биігінде тұрған Айтматов,
Бондарев, Распутин шығармаларымен қатар бір сөреде
тұрған, қазақ есімді халықтың елі мен
жерінің мінезін жаңа қырынан танытар СССР Мемлекеттік
Сыйлығының лауреаты, көрнекті қазақ жазушысы
Ә.Нұрпейісовтің *Қан мен тер* трилогиясын көрер
едік.
Айтматов
сөзімен айтқанда, *қайталабас дарын иесі -
жазғанының әр жолына барын салатын*, бүгінгі
ұлттық әдебиетіміздің абырой-атағын
достастық елдер мен әлем алдында биіктетіп жүрген үлкен
суреткер Нұрпейісов - әдебиетіміздің тарихын тағылымды
ете беретін ірі түлға.
Жұбан
Молдағалиев (1920-1988)
Қазақ
поэзиясындағы дарынды өкілдерінің бірі, ССРО мемлекеттік
сыйлығының лауреаты Жұбан Молдағалиев Орал облысы,
Тайпақ ауданындағы Жыланды ауылында дүнисге ксліп, Алматыда
қайтыс болды.
Оралдағы ауылшаруашылық тсхникумын бітірген ол, 1940-47 жылдар
аралығында Ұлы Отан соғысына қатысып, саяси жетекші,
батарся комиссары, Солтүстік-батыс жәнс скінші Бслоруссия
майдандарында қазақ тілінде шығып тұрған *Отан
үшін*, *Майдан ақиқаты*, *Жеңіс туы*
газсттерінің рсдакцияларында
түрлі қызмсттер атқарды. Совет армиясы қатарынан
оралған соң *Лениншіл жаста* (*Жас алаш*) бөлім
меңгерушісі, жауапты секретарь, рсдактордың орынбасары (1948-52),
одан кейін Қазақстан Жазушылар Одағында *Қазақ
әдсбисті* газстіндс (1952-54, 1955-56) жылдары *Жұлдыз*
журналының бас рсдакторы, (1958-63 жылдары) Қазақстан
Жазушылар Одағының секретары, бірінші сскретарь (1963-71, 1973-83
жылдары) болды. Лсниндік жәнс Мсмлексттік сыйлықтар жөніндегі
комитеттің мүшесі (1984 ж.) болды.
Ақынның
алгғшқы өлеңі *Ленин тірі* (1939) Орал облысы *Комсомол
ұрпағы* газстіндс жарияланды, ал тұңғыш кітабы
*Жеңіс жырлары* 1949 жылы жарық көрді. Осы кезден бері ақынның
қырық шақты кітабы жарық көрді.
Қазақтың
халық композиторы Құрманғазыға арналған
*Кісен ашқан* (1969 жылы жазған) поэмасы үшін
ақынға 1970 жылы
ҚазССР-і мсмлскеттік сыйлығы берілді.
Халқымыздың ұлылығын, жасампаздығын
дәріптейтін *Қыран дала* (1974 ж.) және *Сел* (1975 ж.)
жазылған поэмалары үшін ақың 1978 жылы СССР мемлекеттік
сыйлығына ие болды. Ел алдындағы еңбегі Ленин ордені, Екі рет
Еңбек Қызыл Ту орденімен, Екінші дәрежелі Отан соғысы
ордснімен, Екі рст *Құрмет белгісі* орденімен, мсдальдармен
марапатталды.
Соғыстың
алдында бірен-саран өлеңдерін бастырып үлгерген Жұбанның
ақындық қаламының төселуі, негізінен, Ұлы
Отан соғысы жағдайында өтті. Майдан өмірінің ащы
шындығы мен ауыр көңіл-күйлері ақын
шығармаларында отаншылдық, азаматтық сезімдердің оянып,
ессюіне әсер етті. Соғыс кезеңіндегі жауынгерлердің
ерлік істері мсн батырлық мінез-құлқы, туған жер
мен елге деген сағынышы Жұбанды өмір шыңдығын
бейнелеуге үйретті. Майдангер ақын Ж.Молдағалисв өз
өлендерін әскери газеттердің бетінде жиі-жиі жариялап
тұрды. Соғыстан кейін ақын сол отты кезде туған
өлеңдерінің тандаулыларын жинақтап, саралап
*Жеңіс жырлары* деген атпен 1949 жылы жеке кітап етіп жариялады.
Сол
жылдардағы өзге ақындар сияқты Ж.Молдагалиев
шығармаларының басты нысанасы халықты жауды
талқандауға рухтандыру, ұмтылдыру болып кслді. Өз
тұрғыластарындай оның өлендерінде де алыс майданда
жүргсн солдаттың өз
туған өлкссіне, туыстарына дсгсн көл-көсір сағынышы
(*Сағындым,
Жайық*,
*Шығыста туған елім"бар*, *Қайран менің өз елім*,
*Туған слді жырлаймын* т.б.) арқау болды.
Ол
соғыстағы батырлықты қалай мадақтаса, бсйбіт
сңбск қуанышын көркем бсйнелер, жаңа тіл таба білді,
туған даланың түлеуін, оны жаңартып жатқан
адамдардың еңбектегі ерлігін шабыттана жырлады.Ел мсн жерге деген
ыстық сезімін танытар әдемі псйзаждық өлендер
туғызды.
Жұбан
лирикасы тақырыбының алуан түрлілігіне қарамастан
әрқашан өзінің азаматтық биік үлгісімен
танылып отырды. Ақын адам мен қоғам проблемасын,
олардың әр кездегі ара-қатынасын дұрыс түсінді.
Тарихи дамудың заңды жүйесін тауып, бүгінгі
қоғаммен жаңарған адамның еңбегін, ісін
жырлады.
Аса дарынды
ақын Ж. Молдағалиев 1952 жылы *Бастаушымыз партия* дейтін жыр
кітабын шығарды, ол да өзінің замандастары сскілді,
үстем идеологияның ықпалынан шыға алмай Ленинді;
коммунистік партияны, комунизмді өлшеусіз үлгіде жырға
қосты. *Өскем жоқ құран
оқып, құдай танып* дейді ақын. Құран
оқымау да, құдайды танымау да ол кез үшін
мақтаныш болған. Ақын үш томдық шығармалары
жинағының (1979) алғы сөзінде былай деп жазады: *Біз -
Совет ақындарымыз, біз буржуазиялық идеологияға қарсы
бітіспсс күрес майданындағы ақындармыз. Адамзаттың
ең нәзік те сұлу перзенті - әйсл дс күн
туған да ел қамы үшін солдат болып сапқа тұрса,
поэзия да үнемі сыланып-сипанып үнемі айна алдында отыра алмайды.
Ол ең алдымсн халық қызмстшісі, үлгі тәрбие
беретін уытты ұстаз. Біздің биік поэзиямыз осы бағытта
өсіп-өркендеп, ой сұлулығын да бой
сұлулығын да өзск етіп келеді.*
Ақынның
атақты *Мен қазақпын*, *Сел*, *Байқоңыр
баспалдақтары*, *Кісен ашқан* поэмаларында кешегі кеңестік
өмірдің шыңдығы ашылды. Сол заманда қолы жеткен
табыстар айтылған. Кеңестік идсологияны мақтан сте отырып,
халқына, еліне, жұртына дсген ыстық махаббатын жеткізе білді:
қасиетті де, киелі сезімін елге
жеткізу үшін ақын кейдс артық-кем айтуға да барып
қалады:
Ж.Молдағалиевтің
ксңестік идсологияның жалын атып тұрған кезінде
*Мсн қазақпын* (1964)
деп поэма жазуы, қазақ хандары туралы
алғаш роман жазуға жол салған І.Есенберлиннің
батылдығымен теңбе-тең еді. Ол кезде ұлт туралы
ашық жаза қою қиын болатын. *Мен қазақпын* деп
айта білген Жұбан сонымсн
бірге, әрине, жаңа шеберлік шыңына
көтерілді, халық тағдырын поэзия сөзімен айта білді.
тебіренуінде ақынның
азаматтық тұлғасы, бітім болмысы жатыр. Түйіндеп
айтқанда, бұл поэмада туған халқымыздың кешегісі
мен бүгінгісі, ұлттық өнері, әдет-ғұрпы,
салт-дәстүрі, мінез-құлқы ақындық
шабытпен, асқақ үнмен жырланады. Ол сонысымен қымбат
дүнис.
Жұбан Молдағалисв заман
жайлы толғаныстарында романтикалық лептіліктің,
ақындық көтеріңкі көңіл-күйінің
мол танылатынын көрсетеді. Ақын шығармаларында соған
лайық образ, жарқын суреттер жасайды. Ол заман табысына, адам
еңбсгінің ерлігіне шын еміренс білсді. Елінің табыстары жайлы
айтқанда қанаттанып кетеді. Жұбанның
ақындық стилінің нақты бір көрінісі ссебіндегі
бұл сипат оның көп шығармаларында жалғасып кете
береді. Бұл тұрғыда *Қыран дала*, *Сел*
атты поэмалары ерекше орын алады. (1978жылы ССР мемлекеттік сыйлығын
алған шығармалар) Лениндік және мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі Комитеттің құжаттарында бұл шығармалар *адам
ерлігінің поэзиясы* деп аталған, баға
берілген. Шынында да бұл поэмаларында ақын
үздіксіз жырлап келс жатқан өз дәуір мен оның
жаңа адамдарының ерлік істерін жаңа, деректі материалдарға сүйене отырып көркем бсйнелейді. Сол негізде елін, туған даласын жаңартып
жатқан, халқының тыныштығы мен амандығын
қорғап, дүлей табиғат күшімен алысқан адам
ерлігінің жаңа көріністері жайлы толғанады.
*Қыран дала*-
жаңа дәуірде жаңарып, түлеп
өскен, ақын тілімен ,айтқанда, қанатты
қазақ елінің бейнесі.
Қыран деу-қанаттысың дегенім ғой,
Әйтпесе тең келер ме қыран саған,-
дейді ол.
Сондықтан
да Жұбан байтақ қазақ даласының бүгінгі
күйін халықтарды қанатына мінгізіп, көтеріліп бара
жатқан қыран бейнесінде таниды. Ол сол даланың кешегі тарихын
еске ала отырып, оның осы қыран күйге жету жолы,
бүгінгі тіршілігі жайлы сыр шертеді. Тіпті даланың жаңа
өмірі ұлы октябрден
басталды деп, әсірелеп те жібереді.
Келген жоқ бостандық пен бақ
тәңірден
Тыңбай-кеңестік
дәуірде туып, тәрбие алған жаңа
ұрпақтың өкілі. Әсксри қызметтегі
әкесі соғыста өліп анасы жау бомбасынан қаза тапқан
ол беларусь шалының қолында өседі. Өзі
интернационалдық семьяда туған Тыңбайдың *Қаным
қазақтікі, жаным- туысқан халықтарға ортақ*
дсуі дс осыдан. Тың игеру арқылы ел ырысын
байытуға қатысқан оның:
Дәуір тыңның туғалы
Даланың жүзі нарт қандай!
Ұқсайды күнге тың наны
Тың күні нанға тартқандай!- деп
мақтануы да орынды. Балалары
Бименде мен Пимсн (беларус шалының аты) асырап алған кісі) де
әке жолын қуып комбайнға отырады. Бұл да тың
далада жаңа ұртпақ өсіп, әкелер жолын жалғастыра
бастағанының куәсі.
Поэманың
эпилогы Алматыда Лснин атындағы сарайдағы тың
игерушілердің мерекелі салтанатын суреттеуге арналады. Ақын ссзімі
сңбск ардагерлеріне деген қошеметке толы.
Батырлық бәйгесіне қосқан аттай
Мың
алғыс, миллиондар, қос қанаттар!
Жұбан поэмасы - тарихи шындықтың
әдеби шежіресі. Ол даланы қазақ халқының,
оның ұлттық тарихы мен бүгінгі өмірінің көркем бсйнссі есебінде алып, реалистік
суреттер арқылы даланың әр жайдағы күйлсрін көз алдыңнан өткізеді.
*Сел* поэмасына негіз болған оқиға деректі. Ол 1973 жылы 15 июньде Медеу шатқалында болған сел апатын
суреттсйді
*Қыран
дала*, *Сел* поэмалары - қазіргі ғылым мен техника
дәуіріндегі адам еңбегі мен ерлігінің, Жұбанның
ақындық ізденісінің жаңа белесі. Ақын заман
туралы толғауда романтикалық лепті образға құрып,
заман өзгсрістері жайлы философиялық ойлар түйеді.
Шығарманың эпикалық сипаты уақьптың ксң
тынысын, аршынды адымын көркем бейнелсудсн анық көрінсді.
Адам мсн табиғаттың арасындағы күрестің бұл
шығармаларда нақты дәуірлік ізі бар. Ақын табиғат
кейпін әдемі пейзаждық сурсттермен дәйектсмей, оны
күрсскер адам тағдырымен бірге өріп, шығарманың
қаһарманына айналдыра алған. Тарихи даму үздіксіз,
мәңгі. Адам да соған лайық тынымсыз өсудс,
жстілудс, оның ерлігі ұлғаюда. Ақынның бұл
тұрғыдағы адамгсршілік-философиялық ізденістсрі, адам
сңбегі мен ерлігін, оның ізгілік сезімдерін жырлауы зор
табысқа ие болды. Ақынның ұзақ жылғы
тынымсыз сңбегі әлі дс биіктсн-биікке бастай бсреріне күмән
жоқ.
Ілияс Есенберлин (1915-1983).
Халқымыздың даңқты жазушыларының бірі,
Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1988) I.Есенбрлин 1915 жылы (10.1) Ақмола облысы,
Атбасар қаласында кедей жатақ әулетінде
дүниеге келген. Ата-анадан ерте айрылып, балалар үйінде
тәбиеленеді. Қазақ кен-металургия институтын бітіргеннен
кейін (1940) Жезқазған кенішінде инженер, Бершүгір шахты
басқармасының басқарушысы болды. Ұлы Отан
соғысынан оралған соң Қазақстан Компартиясы
Орталық комитетінде нұсқаушы (1942- 1947) Қазақ
мемлекеттік филармониясының директоры (1947-1951)
«Қазақфильм»
киностудиясында коллегия мүшесі, аға редактор (1958-1967), «Жазушы»
баспасының редакторы, директоры (1967-1971), Қазақстан
Жазушылар Одағының екінші секретары(1971-1975) болып қызмет істеді.
Талантты жазушы
қоғамдық өмірге қоян-қолтық араласты.
Өмір күресі, тіршілік тартысынан өз шығамаларына
нәр алды.
Жазушы таланты
бірден ашыла қойған жоқ. Ол алғашқы кезде
өлең, поэма, драма жазды. І.Есенберлиннің қазақ
әдебиетін байытқан негізгі шығармалары - оның романдар
сериясы.Олар көптеген тілдерге аударылды, қазақ
әдебиетінің мақтанышына айналды.
Алғашында
ақын ретінде танылған Есенберлиннің 1945 жылы «Сұлтан»,
«Айша» дастандары жарық көрді. Ал «Адамгершілік туралы жыр»
өлеңдер жинағы (1949), «Большевик
туралы поэма» (1957), «Біржан сал трагедиясы» (1959) дастандары шықты.
60-шы жылдары жазушы проза тарапына қалам тарта бастады.
Бес поэма,
төрт пьеса, үш кино сценарий, он алты роман жазған
қаламгердің таланты қазақ халқы
өмірінің ғасырлар панарамасын көрсетіп
берді.Ұлттық интеллигенцияның қалыптасу
кезеңіндегі трагедиялар, колхоздастыру дәуірінің
шындығы,Ұлы Отан соғысына қазақтардың
қатысы, тың игеру жылдарының
хикаясы,Маңғыстаумайданы,геологтар,мүсіншілер,
артистер, жазушылар тағдыры
бұлардың бәрі І.Есенберлиннің он романннан
тұратын сериясындағы өзекті тақырыптар.
Ұлттық тарихымыздың терең қойнауларында
қалған көп оқиғалардың елесі,
өзгерген, бұрмаланған деректер, әр түрлі тілдерде
жазылған сан алуан қолға түспейтін сирек кітаптарды,
архив қазыналарын, оқылуы қиын қолжазбаларды, әр
жерде жүйесіз жатқан материалдарды тауып, оқып, қорыту
үшін кеткен уақыт, жұмсалған қайрат,
жасалған еңбек ұшан
теңіз.
Жазушының алты романнан тұратын «Көшпенділер», «Алтын
орда» трилогиялары - қазақ халқының жеті
жүз жылдық өмірін бейнелеген ғажайып тарихи
шығармалар қатарына жатады.
Оқиғалақ
жағынан біріне-бірі жалғас, сабақтас,
идеялық-көкемдік нысаны әуездес, сарындас болып келетін
романдар циклының тұтастығын байқауға болады.
Бұл
шығармаларда уақыт пен кеңістік мейлінше мол әрі орасан
кең ауқымда бейнеленеді: бір атырап, бір тайпа, бір жүз
тіршілігі емес, қазақ халқының тағдыры
көптеген басқа елдермен қарым-қатынас контексінде
дүние жүзілік дамудың арнасымен терең
сабақтастықта алынады.
Халқымыздың
басынан кешкен қиын жол, тайғақ кешу, тар босаға, тар
өткелдердің трагедиялық оқиғалары, ел қамын
жеген, ойшыл даналар, жұртын сүйген, жүректі батырлар
образдары, әр дәуірде әлеуметтік күрес сахнасына
шыққан хандардың, айыр көмей, жезтаңдай
билердің бейнелері, халықтың
елдік ұйытқы, отан сүйгіштік, патриотизм сарындары -
осылардың бәрі жанды түрде тұтас келіп, І.Есенберлин
тарихи романдарының идеялық-эстетикалық санасын,
поэтикалық-жанрлық қасиеттерін құрап,
олардың әдебиетіміздегі түрін белгілейді.
І.Есенберлин
каламынан туған «Айқас», «Қатерлі өткел»,
«Ғашықтар», «Қаһар», «Алтын
құс», тәрізді романдар көтерген мәселелерімен де,
көрсеткен даңқты тұлғаларымен де
қызғылықты, елеулі шығармалар. «Айқас» романы
үшін кітап авторына Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығы
берілді, «Алтын құс» романы арнаулы конкурста екінші жүлдеге
ие болды, ал «Қатерлі өткел» романы СССР Мемлекеттік
сыйлығына ұсынылып, бүкіл одактың ілтипатына
ілінді.
Шығармаларының
көбін қазіргі заман ақиқатын бейнелеуге арнап келе
жатқан І.Есенберлиннің «Алмас қылыш» романы көне
тарихтың көмескі тұстарын қайта жандандыруға арналған
форманның оқиғалық негізіне сонау XV ғасырдағы біртұтас қазақ хандығын
құру жолындағы әрекет, күрестер, кейіпкерлер
ретінде аты тарихқа белгілі хандар, ақын-жыраулар, қарапайым
халық өкілдері алынуы бұл шығармаға деген
заңды қызығу тудырады.
«Алмас
қылыш» романы-тарихтың аса қызық, ғибратты
дәуірін көркемдікпен танытуға көмектесе алатын пайдалы
кітап.
Романның оқырманы үшін ең маңызды жері -
өзге мамандар түгіл тарихшылардың өзі де әлі
күнге дейін жете зерттеп болмаған кезең - XV ғасыр оқиғаларын романхроника
түрінде тұңғыш рет жүйелі өріп, аса
көп керекті мағлұмат бере алатындығында.
Романда Дешті
Қыпшақтың қаһарлы ханы
Әбілқайырдың қарауында келген қазақ
руларының жеке қазақ хандығы қол астына топталу
процесі, бұл құбылыстың себебі мен салдары,
Әбілқайыр, Жәнібек, Керейлердің тақ пен тәж
үшін таласы, хан ордасындағы шытырман қайшылықта
толық баяндалған.
Кітаптың
бірінші бөлімі Әбілқайыр ұлысының екіге
бөліну жағдайын көсетуге арналса, екінші бөлімі
жаңа қонысты (Сарысу, Шу, Талас өзені бойында) мекен еткен
қазақ хандығының
ішкі-сыртқы жаулармен кескілескен ұрыс үстінде шынығып,
ширау процесі, бұл жолдағы қыруар кедергілер мен
қиындықтар көрсетілген.
Бұл
романда желі тартып жатқан басты идея - қазақ руларының
бірлесу, бір хандық шеңберінде ынтымақ құру
идеясы. Жазушы тарихи фактілеге берік сүйене отырып, мұндай
бірліктің аса қатал өмір сынында, өмір мен өлім
кезек араласқан алмағайып, аласапыран
ауыр жағдайда жүзеге асқанын, қазақтың жеке
хандығын орнатқан күштер кім, сатылғыш,
дүниеқоңыз, дұшпандар кім екенін тайға
таңба басқандай тізіп береді.
.
Шығармада
халықтың жақсы қасиеттерін бойына дарытқан
Қобыланды, Қазтуған, Қотан,
Саян, Орай секілді ұнамды бейнелер қатары бар. Бұлардың
әрқайсысы өз орнында мәнді,
қызғылықты.
«Алмас
қылыш» тек мазмұнымен ғана емес, формалық ізденістерімен
де маңызды шығарма. Мысалы, автор Әбілқайыр
әулетінің әріден келе жатқан үстемдігін,
содырлы-сойқан істерін, ретроспективтік әдіспен, өткенді шолу
ретімен мәлімдейді. Жүздеген жылдарға созылған
Шыңғыс хан үрім-бұтағының озбырлық
саясаты, тынымсыз талас-тартысын қайта елестету үшін де дәл
осындай тәсіл оңтайлы келген.
Ал
қазақ даласының тарихи панорамасын Қазтуған мен
Қотанның айтысы арқылы көрсетуі жаңаша
көркемдік келіс деуге болады. Сондай-ақ
Қотан мен Қазтуған айтысы қазақ елінің сан
ғасырлық емі, күрестерінің сыры мен сипатын көрсетуге жараған.
Жазушының
бұл романы - қазақ халқының ХҮ-ХҮІ
ғасырлардағы тарихынан жазған трилогиясының бір
бөлігі архив тереңінде қозғаусыз жатқан неше
алуан қымбат деректі ыждағатпен жинап, тархи адамдар
тұлғасының диалектикалық шындығын ашатын
көркем шежіре.
І.Есенберлиннің «Қаһар» (1969) атты романы қазақ
әдебиетінде тарихи тақырыпты игеру тереңдеп келе
жатқан әйгілейтін
шығарманың бірі. Мұнда өткен ғасырдың 30-40
жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған
қозғалыстың, сол оқиғаға қатысты
түрлі топтардың, адамдардың жай-күйі
әңгімеленеді. Автор сөз болып отырған заманның
әлеуметтік, экономикалық, саяси ахуалын, қозғалыстың
себебі мен салдарын зерттей келіп, солардың диалектикалық
көркем шындығын көсетуді мақсат еткен. Суреткер өзінің көз қарасын төтелей айтып
салмай, оқиғалар мен характерлерді ауанына жіберіп, еркін
сөйлеткен.
«Қаһарда» патша оташылдарының қысымына
наразы елдің қозғалысы, халықтың осындай серпінін
пайдаланып, қазақ даласында тәуелсіз ел, мемлекет орнатуды мақсат
еткен Кенесары ханның патша бекіністеріне шабуылы, жанталасқан
күресі, туған елінің күйзеліске ұшырауы,
сарсаңға, азапқа түсуі, Кенесары
дұшпандарының ұйымдасқан іс-әрекеті, сан алуан
адам мініздері көрсетілген.
Роман қазақ
халқының қиын ақуалы сан түлі себептен
өрілгенін кең қамтып елестетеді. Оның бірі
- Қоқан, Хиуа хандықтарына тәуелді боп
тұрған оңтүстік қазақтарының
жай-күйі. Ташкенттің құсбегі - Бегдербектің
жәрдем, кеңес сұрап барған Есенгелді,Саржанды нөкерлерімен бірге опасыздықпен
өлтіріп жібергенін суреттейтін тарау осы ақиқатты терең
ашады.
Романда
Кенесарының және оның сенімді серіктері - ру
басыларының, батырлардың өмірі мен іс-әрекеті мол
шындығымен көрінген. Автор Кеңесарының жеке
басындағы ерлік пен парасатты
бірнеше жерде көрнекті етіп аңғартады. Оның
Ақмола бекінісін алғанда көрсеткен ерлігі, баласы
Садықтың батылдығын сынаған тұсы, өзіне
ерген баһадүр ерлердің бірі -Байтабанның көңілін
риза ету үшін, Науызбайдың қолындағы құсын
аттырып билік айтуы сияқты тұстар бұған дәлел
бола алады. Кенесары бастаған қозғалыстың белгілі батырлары: Ағыбайдың,
Иманның, Төлебайдың, Балқараның, Жанайдардың, Бұхарбайдың
ерлік эпизодтары да айқын көрсетіліп отырған.
«Қаһар»
романында тарихи шындық мүсінделіп, халықтың
азаттық жолындағы күресін, ересен ерлігін бейнелейтін
жарқын беттері мол. Автор бостандықты аңсаған,
бірақ оған жетуге жағдайы жоқ халықтың
басындағы трагедияны ашып
көрсете алған. Шындығында бұл жерден еркіндіктен айрылған
қазақ стихиялық
бұлқынысы, аласұрып айбат шегуі, тұяқ серпуі
туралы хикая. Шығарманың бас қаһаманы - азаттық
аңсаған қазақ халқы. Қозғалысқа
күш берген, оны ондаған жыл бойындағы қазақ
жерінде қаһарлы күшке, бостандық алаңына
айналдырған қүдірет те сол - халық. Жалпы алғанда
І.Есенберлиннің «Қаһар» романы бұл кезге дейін
әдебиетте жеткілікті аштылмаған тарихи оқиғаның
ішкі сырына тереңдеп бару ниетінен туған, халықтың
азаттық үшін басталған қозғалысының
трагедиямен тынуы жайындағы хикая. Мұны өзі тарихи
тақырыпты игеру әдебиетіміздің тартымда да
тұрақты тенденциясына айналып келе жатқанының
айғағы болды.
Қазақ әдебиетінде
тарихи роман жанрын дамытуда І.Есенберлин үлесі өте зор, оның
«Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» атты романдарында
халқымыздың ХҮ-ХІХ ғасылар ішіндегі аса күрделі
оқиғалары, тарихқа белгілі адамдар өмірі суреттелген. Жазушы өмірді танудың
тарихилық принцпіне сүйене отырып, бұрынғы дәуірдің
ақиқатын өз кезеңіне сай ерекшелігімен бейнелей білді.
Түйіндей келгенде І.Есенберлиннің тарихи трилогиясы
қазақ әдебиетінің тарихи роман дәстүрін
дамыта түскен, өз тарапынан жаңа жетістіктермен
байытқан, отаншылдық ойдан, көп ізденістен туған
қымбатты мұралар. Тарихи романдарымен талайды
таңдандырған Есенберлиннің «Айқас» романында
қазіргі қоғамдық
өмірдегі аса маңызды мәселе- адамгершілігі пәк
жандар мен мансапқорлық дерті иемденген пайдакүнем
адамдардың арасындағы тартыс өмір мен мінезге лайық
табиғи түрде шешілген. Суреткердің зерде парасаты
өмірде талассыз жүріп жататын арлылық пен азғындық,
нысаптылық пен дүниеқорлық күресінің
терең диалектикасын тануға көмектеседі. Мұндай
қайшылық кітапта ғылымға берілген адал еңбекші,
жақсы мұраттарға сенетін, сөз бен ісінің арасында
жарықшақ жоқ Дәурен Ержанов пен оның
қабілетті, бірақ тақастыққа бейім шәкірті
Нүрке Әжімовтың арасында болып жатады. Адамдық мен
аярлықтың айқасы қашан да туралықпен шешіле
бермейтіндігін, кейде шындық үшін күресушінің мерт
болуы мүмкіндігін, сондай жеңілістің өзі
өзгелерге ғибраты жағынан жеңіске тең екенін
ромнның идеялық бағыты аңғартады.
Қорыта
келгенде, ондаған романдары мен халқымыздың өміріндегі
әртүрлі кезеңдерді шынайы бейнелеген І.Есенберлиннің
қазақ әдебиеті тарихының белді қаламгері болып,
оқырманның қалаулы жазушысына айналды. Ендеше тарихтағы
орны әдебиетке сіңірген еңбегі мен өлшенетін ол
ұзақ жасайды, еңбектері еліне қызмет етеді. Ата-бабалар рухымен бірге жазушы рухы
да асқақтай береді.
Тахауи Ахтанов /1923-1998/
Қазақ
әдебиетінің көрнекті жазушыларының бірі Т.Ахтанов 1923
жылы қазіргі Ақтөбе облысының
Қарабұтақ селосында дүниеге ксліп, 1998 жылы Алматы
қаласында қайтыс болған белгілі жазушы, драматург. Абай
атындағы педагогикалық (АГУ) институтта оқып жүрген
болашақ жазушы 1941 жылы майданға аттанады. Соғыс жылдарында
болашақ жазушының көптсген өлеңдері майдан газеттсрінде
жарық көрсді. Майданнан оралған жауынгер ақын 1948-1951
жылдары Қазақтың мсмлекеттік біріккен баспасында редактор,
бөлім меңтерушісі болды. 1951-1953 жылдары
"Қазақфилъм" киностудиясында, 1953-1954 жылдары
"Әдебиет және исскуство" журналының
("Жұлдыз") рсдакторы, 1954 жылдардан бастап
Қазақстан жазушылар одағында әр алуан
қызметтерде, 1971-1972 ж.ж.
"Жұлдыз" журналының бас редакторы, 1975-1984 жылдары
Қазақ ССР-нің мемлскеттік кітап палатасының директоры
қызметтерін атқарды.
Соғыстан
кейінгі оның өлеңдері "Жастар дауысы" атты
ұжымдық жинаққа кірді. 1956 жылы жазушының атын
кеңінен танытқан "Қаһарлы күндер"
романы басылып шықты. Бұл кітап орыс т.б. ТМД
халықтарының тілдеріне, әсіресе, ГДР-да неміс тілінде бірнеше
рет басылып шықты.
Жазушының
әр жылдары "Махаббат мұңы" /1960 ж./, "Дала
сыры" /1963 ж.), "Боран" /1966/, "Шырағың
сөнбесін"(1973 ж.)
әнгіме, повесть, романдары жарық көрді.
"Боран" атты романы үшін оған 1966 жылы Қазақ
ССР-нін Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді.
Жазушы Ахтанов
прозалық шығармалар жазумен бірге көптсген драмалық
шығармалардың да авторы, бірсыпыра аудармалар жасап,
ғылыми-зсрттеу жұмыстарын жүргізді, әдебисттің
сынына араласты. Драматург Т.Ахтанов республикалық, облыстық
сахналарда жиі қойылған "Сәуле", "Боран",
"Күтпеген кездесу", "Махаббат мұңы",
"Ант". "Әке мен бала" драмаларын жәнс
"Күшік күйеу" комедиясын жазды.
"Ғабит
Мүсірепов" атты әдеби-сын очеркі мен "Керусн" /1969
ж./, "Көкейтесті" /1980 ж./ сын мақалалары кітаптарында
туған әдебиетіміз жайындағы ой-толғаныстарын ортаға
салады.
Аудармашы Т.Ахтанов А.С.Пушкиинің
"Алтын әтеш туралы ертегісі", А.Толстойдың "Азапты
сапарда" триллогиясын, И.С.Тургеневтің, А.М.Горькийдің
көптегсн әңгімелерін тәржімалап, қазақ
оқырмандарының игілігіне айналдырды.
Жазушының
1983-1985 жылдары бсс томдық шығармалар жинағы басылып
шықты.
Жазушының
атақ-даңқын қалың жұртшылыққа
кеңінен танытқан "Қаһарлы күндер"
романы соғыстың бас кезіндсгі халқымыздың
басқыншы жауға қарсы ерлік күресін бейнелеуге
арналған. Генерал И.Панфсров дивизясының Алматыдан майданға
аттануы, дивизия жауынгерлерінің Москваны
қорғаудағы
шайқасқа қатысуы, олардың жанқиярлык
ерліктері жап-жақты суреттелген. Капитан Мұрат Арыстанов, взвод
командирі Ержан Қайсаров, гснерал Панферов, ссржант Добрушкин, батыр
қыз Раушаның нанымды
әрі тартымды образдары,
әдеби бейнслері жазушының айтарлықтай табысы болды. Шығармаға
ұнамсыз бейне Уәли Молдабаевтың шытырман характері,
ойлы-қырлы мінез-құлқымен көрінеді.
Шығармадағы көптеген кейіпкерлерді алуан-алуан
іс-әрекеттері романның сюжет желісін де, композициясын да,
идеялық түйінін де ажарландырып шығармаға кең
тыныс берген.
"Қаһарлы
күндер" романының сюжеттік желісі дивизияның Алматыдан
аттануынан бастап, солдаттардың ел-жұртымен қоштасуы, жол
әсерлері, майдан шебіне кіру, алғашқы соғыс, жау қоршауында
қалу мен одан шығу ерліктері, Мәскеу түбінде
жанқиярлық ұрыс оқиғаларына ұласады. Осы
қат-қабат өмір үшін күрестегі адамдар
әрекеті мен тағдыры романда кең, психологиялық бейне
табады. Дивизия командиры генерал Панферовтан (романда солай алынған)
қатардағы солдат Көжекке дейінгі әскери
адамдардың өмірі жарқын суреттеледі. Бір мақсат, бір
тілектегі әр ұлттың өкілдері ауыр соғыстың
жағдайында бірлік танытады. Осы ортада автор бұрын әскери өмірді
білмсйтін қазақ жігіттерінің шыңдалуы жолына назар
аударады. Әсіресе, взвод командиры Ержанның, батальон командиры
Мұраттың, қатардағы солдат Көжектің
бейнелері тартымды жасалған. Олардың әскери достары
Бондаренко, Зеленин, Кәрібай бейнелері арқылы майдангерлер дәстүрін
берік ұстап, дамыта білген әр ұлт өкілдерінің
сапалық жаңалығын танытады. Лирикалық шегіністерде
олардың елдегі өмірі, туған елмен байланысты, бойындағы
отаншылдық сезім байлығы ашылады. Соғыстың
алғашқы сәтсіздігіне қарамастан, осындай рухани өмірі
бай, моральдік санасы биік, ср жүрек адамдардың жауды
жсңетініне сенесің!
Көркем
прозадағы заман жаңалықтарын кең ашып, адамдардың
өсу жолының күрделілігін көрсету, сол арқылы
дәуір ерекшеліктерін диалекгикалық тұрғыда
танытудағы бастама Т.Ахтановтың "Боран" /1963ж./
романында жақсы қолдау тапты. Жазушы онда күресте
шыныққан, бойында рухани қуаты мол, моральдік сапасы биік
сңбек адамының жаңа бсйнесін жасады. Шығарманың
сюжеттік желісіндс ұзақ сонар баяндау жоқ. Онда Қоспанның малымен ақ
түтек боран астында қалып, бір отар қойды қалай аман
алып қалу жолындағы арпалысы суреттеледі. Сол арқылы Тахауи
Қоспан тағдырына, оның ішкі сырына, ол бастан кешкен
дәуірдің өзгешеліктерінс үңіледі. Боранмен алыса
жүріп, өз басынан кешкен өмір белестерін еске алады, терең
ойға батады. Шығарма композициясын ұстап, тұтастырып
тұрған да осы ойлар, қаһарманның ішкі монологы.
Қоспан
тағдырына үңіле қарасақ, оны тағдыр
маңдайынан сипап өсірмегенін көреміз. Ол ылғи
өмірдің кедергілсріне кездесіп, соларды жеңе жүріп
өсіпті, өмірдің зіл-салмағын көтеріпті.
Көрген рахатынан бейнеті көп осы азаматты қажытпай алып келс
жатқан - Қоспанның өмір сүйгіштігі, жан
дүниссінің тазалығы, рухани байлығы. Жазушы
шығарма идеясын осыны көрсетуге құрады. Осы бір
тұстағы әдсбиетке қойылған талап - өмір
шындығын жеңілдетіп көрсетпей, кейіпкер бейнесін терең
тартыстан, күресте таныту Тахауиға жаңа ой салғаны
көрінеді.
Қоспан
бойында еңбек адамына тән іс-әрекет, көзқарас
мол, жаратылысында қарапайым, адал, жұртқа сенімі мсн
сүйіспеншілігі мол Қоспан қысылтаяң күндерде
қайраттанып кететін ер. Майданда взвод командирі Қасболаттың
адютанты бола тұрып, ол шегініп бара жатқан
әскерлерге мүмкіндік беру үшін жау
тосқауылын бөгеуге сұранып қалады. Осы ұрыста
есін білмей жараланып, жау қолына түседі. Тұтқын
лагерінде азаптар шегеді. Лагерден қашып, ұсталып, неше түрлі
қинау көреді. Бірақ ол тағдырына налымайды,
көнбістік танытады, мойымайды.
Соғыстан соң туған
ауылына келген ол жұмысқа орналаса алмайды. Жау
тұтқынында болған адамға сенімсіз көзқарас
оның алдынан шығады да тұрады. Ауданда басшы қызметте отырған
Қасболат та көмектесе алмайды. Ақыры жұмыс таңдап
үйрснбеген Қоспан тері-терсек жинайтын мекемеге кілтші болып
орналасады. Мсксме бастығы Жаппаспай деген алаяқ қу екен,
Қоспан оның алдампаз, екі жүзділігін бетіне басып айтады да,
ауылға шопандыққа кетіп отырады. Ал, шопан
өмірінің қиындығы бір басқа.
Қарауындағы мал қамын ол ойлағанмен, басшылар
ойламайды, оны табиғатқа тәуелді етпей бағуға
жағдай жоқ. Колхоз басқармасына айтқан ұсыныстар қолдау
таппайды. Сөйтіп, мал боранда қалады. Долы боранда мал бір
жағынан үсікке ұшырайды, екінші жағынан
қасқыр қырады. Астындағы атын да қасқыр
жарып, өзі жаяу қалады.Тахауи осының бәрінде де
Қоспанды орнықты, ісіне адал, сснімді, тәуекелі дс,
жауапкершілігі де күшті характер етіп бейнелсйді. Өмірде
сәтсіздікке көп кездессе де, ол жауапкершіліктен тайсақтап,
қорқақтық көрсстпейді. Командирінс сріп кетіп
қалуға болатын адыотанттың жауды бөгеуге сұранып
қалуы, қашып шығудың қиын екенінс қарамай,
жау лагерінен кстуте жасаған әрекеттері, Жаппаспаймен
қақтығыс, малды шөп азайған тұста
қолға қамамай, далаға алып шығуы оның
тәуекслшілігін, өзі бет алған ісіне беріктігін танытады. Ол
еш уақытта ақтала сөйлемеген. Өзіне сену,
өзінің тазалығына сену—оның басты адамдық сапасы.
Оңашада ол көрген қиьншылықтарын емес, соны тудырып
жатқан жағдайларды еске алады. Тұтқында болғаны
мұның бетіне неге шіркеу болады? Оның еркімен жауға
берілмегенін, ер жүрек жауынгер болғанын Қасболат білетін еді
ғой, ол нсге ара түспейді? Нсгс өзі басқалармен бірге күдіктене
қарайды? Ауыл басшылары неге мал бағу жағдайын
жақсартуға енжар? Осы ойлар Қоспанды қинайды.
Шығарма осындай проблемалылығымен, кесек характерімен бағалы.
Адамның рухани күші тағдырдың қандай
қыспағына түссе де, оны ілгері жетелейтін, еңсесін
түсірмейтін биік сапа екенін Тахауи терең аңғара білді.
Бірқатар
қазақ романына кешегі өткен соғыс пен соғыс
кезеңдегі ел өмірінің шындығы негіз болды.
Соғыстағы адамды оның дәуірімен, өмір
сүрген ортасының шындығымен қат-қабат байланыста
көрссту—бұл тақырыптағы романдардың негізгі
проблемасы. Адам тағдырына әлсуметтік жәнс адамгсршілік
тұрғыдан қарау және оның философиялық сырын
ұғыну ғана
соғыстың шындығын түсіндіреді, адамның өмір
мен өлім шекарасында өзімен өзі кездесуін аша алады.
Т.Ахтановтың "Шырағың сөнбесін" /1981ж./
романы соғыс шындығы арқылы көрінетін адамдық
қасиеттерді бскіте түсетін осындай шығармалардың бірі.
Жазушы мұнда соғыс алапатын суреттей отырып, адамның
өзі үшін, тіршілік үшін күресін көрсетеді.
Қамқа әжесінің "Шырағың
сөнбесін" деген екі сөздс "Отың
өшпесін", "Өмірің, ұрпағың
жалғаса берсін" деген мағына барын роман кейіпкері
Нәзира соғыс үстінде ұғынады. Қанша
қиындық көрсе де екі қабат әйел осы сөзді
есіне алады.
Роман
оқиғасы соғыстың өзінде емес, майдан мен
елдің шекарасында өтеді. Кейіпкерлері әскери адамдар емес,
елге қайтарылған офицерлердің әйелдері, бала-шағасы.
Соғыс басталып кеткенде елге көшірілген адамдардың
көрген, бастан кешкен қиындықтары арқылы жазушы оларды
соғыспен бетпе-бет кездестіреді. Соғыстың өзі емес,
ұшқыны, түскен жау бомбасының өзі талай елді
жалмап, елге жеткізбей жатқанын көреді. Жайшылықта
әскери адамдардың күнделікті тіршілігіне көмектесуден
басқаны білмеген әйелдердің өлмеу үшін
күресі осылай басталады.
Оқиға Нәзираның естелігі
арқылы дамиды. Қазақ ауылынан бірінші рет Қасымбекке
еріп, ұзап шыққан қазақ әйелі әлі
бұйығы, нәзік, көп нәрсені көріп
үлгермеген, өзі жүкті әйел соғыс басталған
соң елге қайтады. Жолшыбай жау бомбасы түсіп, вагон
өртенеді, көпір бұзылады. Адамдар кейін қарай жаяу
шұбырады, немістердің қоршауында бет-бетімен тарау, т.б.
Нәзираның тағдыры, көрген қиыншылығы осы
жағдайда өрістейді. Ол үлкен өмір мектебін өтеді.
Соғыстың біреулерді айырып жатқанын, біреулерді жаңадан
кездестіріп табыстырып жатқанын көреді, өлім де түрлі-түрлі
болады екен. Нәзира тағдыры арқылы Тахауи осы шындықты
жұмсартпай, шынайы суреттейді. Ол осыны жеңе білген адам
рухының биіктігіне ден қояды. Ол адамды қайғылы
оқиғалар шебер ашады.
Қазақ
әдебиетінде эстетикалық талғамының биіктігімен
көзге түсксн жазушылардың бірі—Т.Ахтанов. Соғыс окобынан шыққан қаламгер, сол қанды
жорық заманының шындығын айтуға асықты. Ол
өмір мен өлім тайталасқан уақыттағы адам бейнесін
жасады. Жазушы адам жанының құбылыстарына дсн қойды,
оларды үлбіреген таза қалпында беруге барын салды. Онын 1960 жылы
шыққан "Махаббат мұңы" атты повесінде лиризм
үстсмдік алған еді, сезім билеген кейіпкердің
қайғысын, көз жасын суреттеу басым болды.
Т.Ахтановтың
"Дала сыры" /1963 ж./ атты әңгімелер жинағы адам
бойындағы сезімдердің әр алуан болуын суреттеугс
арналған. Сыршыл, сезімтал тұлғалар—бұл
әңгімелердің басты кейіпкерлері. "Алғашқы
ән" әңгімесінде Сералы атты композитор туған
ауылына барып, өзінің алғашқы махаббатынан жаңа
бір шабыт алып, өз мамандығын қайта жандандырады. Автор
талант үшін туған жер әсерінің мықты екенін
аңғартады. "Қызғаныш" әңгімесіндс
бас ксйіпкер суретші Жұмабек демалыс үйінде Роза атты медсестрамен
танысып, сол кездің өзінде-ақ жас қызды Ермск деген
әріптесінен қызғана бастайды. Автор бұл
әңгімесінде адамның ішкі әлеміне барып, оның
кейбір ұнамсыз түкпіріне қатаң сын үкімін айтады. Т.Ахтанов әңгіме жанрында адамның ішкі
құбылыстарын терең суреттеу тәсілдерімен
жан-жақты толықтырады, бұл қазақ
әңгімесі үшін мол жетістік еді.
Қорыта
келгснде, өзінің кемел суреткерлігімен мәдениетті оқушы
қауымның әрқашан да ыстық ықылас, зор
құрметіне ие болған. Т.Ахтанов туған
халқының әдебист тарихында мәңгі жасайды.
60 жылдардағы қазақ
поэзиясы . Қадыр Мырзалиев (1935ж.)
50-60 жылдарда
қазақ поэзиясы жаңа сапада дамыды. Бұл ең алдымен
жеке адамға табыну деген ілгері дәуірдің нәубетінен
орала бастаған кезең еді де, шығармашылықта біраз
еркіндік орын ала бастаған болатын. 50-жылдардың аяғында
Ғ.Қайырбеков, І.Мәмбетов, М,Мақатаев, З.Шүкіров т.б. ақындар әдебиет
табалдырығын аттаған, ал 60-жылдары Қ.Мырзалиев,
М.Мақатаев, Т.Молдағалиев, Т.Айбергенов, М.Шаханов т.б.
көріне бастады да жаңаша ойлау қырын, көркем
түсінік қабілеттерін танытты. Кейде қатарлас, кейде
өкшелей басып, поэзия әлеміне енгсн ақындар қатарында
С.Асанов ("Тұнғыш" 1963), М.Айтқожина
("Шыңдағы жазу"1967), Ф.Оңғарсынова
("Сандуғаш" 1966ж) т.б. болды. Бұл есімдер
әрқайсысы өзіне лайық табиғи болмысымен
өнер дүниесіне келіп қосылды.
"Түрі
- ұлттық, мазмұны - социалистік" деген
құрсау принциптің ыдырауының басы жеке адамға
табыну індетін әшкерелеу кезеңінен бел алады. Алайда,
өкінішке қарай, бұл принцип шартты ұғым ретінде
тоқсаныншы жылдарға дейін өмір сүрді. Саясат
ауқымында қалып, өз дарынын өзіне лайық
қуат-күшпен, табиғат талантымен көрсетс алмай,
уақыт жетегінде кеткен ақындар көп болды.
1954-1966 жылдар
аралығында Қазақстан Жазушылар Одағының ІҮ-Ү
съсзі болып өтті. Бұл съездерде және әдебиеттің
көркемдік мәселелері туралы 1959 ж үлкен конференция
өтті. 1961 ж Қазақ ССР ҒА қүрамында жеке
әдебиет жәнс өнер институты ашылды, кейінірек оған
М.О.Әуезов есімі берілді. Бұл жылдары қазақ поэзиясы
сан алуан сыр-сипатымен танылып, әрбір ақынның жазу
мәнері, қолтаңбасы, айшықты стилі айқын
көрінді. Бес ғасырлық дәстүрі
қалыптасқан поэзияның Абайдан кейінгі ірі тұлғалары
Мағжан мен Шәкәрім поэзиясының қазіргі жырмен
сабақтастығы үзілгенмен, шығармашылық дамуды
қоғам да, қайшылығы бар қоғамдық
көзқарас та тоқтата алмады. Қазақ
поэзиясының арналы ағымы өмірдің өзіндей бірде
баяулап, бірде тасып, дүниемен тіл табысып жатты.
Қанды
майданға әкелері қатысып, балалық шақтары тыл
тағдырымен сабақтасқан, елдегі жетім-жесірлсрді
көздерімен көрген, сол тағдырды ксйдс өздері де
тартқан ақындар толқыны соғыс пен бейбітшілік
тақырыбына қалам тарта келді. Өлеңдерінде баланың
- жетім, ананың - жссір қалуын, майданнан оралмаған
әкені күткен бала сағынышын жырлаған буын 60-шы жылдары
әдебиетке жаңа бір леп әкелді. Олардың қатарында
Ж.Нәжімеденов, М.Мақатаев, Т.Молдағалиев, Қ.Мырзалисв,
С.Жиенбаев, т.б. ақындар бар. Бұл ұрпақ
өкілдсрінің соғыс тауқыметін, соғыс
қасіретін көруі, оларды жырлауы әр түрлі.
Тақырыптары бір болғанмен, лирика тілінде сөйлету
тәсілдері әр алуан. Мысалы Тұманбайдың «Етік» деген
өлеңінде анасымен алма кезек киіп жүрген етігі болмай
қалғанда:
Етігін әкең келсе киесің,-деп,
Анашым кете берді
үйді айналып,- дейді де:
Балалық бастан
өтіп кетіпті гой,
"Етігін
әкем келсе кием",-деумен,-деп түйінделеді.
Бұл кезеңді
Қ.Мырзалиев көзімен қарағанда да заман шындығы
елестейді:
Бармақтай
боп сол күнде,
Жатпаушы едік дем алып.
Әр маяның түбінде,
Қалды біздің балалық,-дейді.
М.Мақатаевтың жүрек
жарасы тіпті бөлек:
Жалынған ғазиз Анам, сұрап
қалған,
Жоғалды сол бетімен бірақ та арман.
Сенбеймін
әкең өлді дегенге мен,
Себебі ол
үйімізден тірі аттаған,-деп жырлайды.
Отан
соғысының
қасіреті көз алдынан
кете қоймаған кешегі жауынгер, бүгінгі қаламгер ақындардан да,
майдан кезінде тылда
балалық шағын өткізген бүгінгі ақындардың да
бейбітшілік тақырыбына оралып, соғыс трагедиясын жазуы
заңды құбылыс еді.
М.Мақатаев "Қайран жеңгем" өлеңінде соғыстан кейінгі жалғасқан
қайғы мұңды, қасіретті лирика тілімен
сөйлете білген:
Су сұраса сүт берген, айран берген,
Қартайып қалыпсың-ау қайран
жеңгем.
Қарғаның валетіндей едірейіп.
Қасыңа мына біреу қайдан келген?
Апырай суық еді сұрқы неден?
Адамға қарайды ғой сыртыменен.
Жол көрсеткіш сақшының таяғындай
Қимылымды бағып тұр мұртыменен,-деп,
майданнан оралмаған жанның
жесірін аңдыған пенде келбетін қайнысының жеккөру
сезімімен суреттейді. «Бұғалыққа тұрмайтын
асау" жеңгенің жүзі ымырттай тұнжырауының
себебі де кешсгі қарғыс атқан қанды соғыс. Аяулы
жарынан айрылған жеңгенің жайы осылай суреттелген.
60-шы жылдар-қазақтың
қазіргі заман поэзиясына жаңа есімдерді алып келумен қатар,
рухани және әлеуметтік өміріміздің,
қоғамымыздың дәуірге лайық шындығын ашуда,
поэтикалық формалар (түрді) мен бейнелеу құралдарын
дамытуда жаңа бір күрделі сәт болды. Мұның
өзі поэзиядағы айтарлықтай құбылысқа
айналды. М.Әуезов сөзімен айтқанда "Жыл келгендей
жаңалық" сездіре келген Т.Молдағалиев,
Қ.Мырзалиев, С.Жиенбаев, М.Мақатаев, Ж.Нәжімедов, Т.Айбергенов,
М.Шаханов т.б. әдебиет есігін өзіндік үнімен еркін ашты.
Суреттеу, бейнелеу, көркемдік тәсілдерді, өлеңнің
формалық, мазмұндық жағы, ұлт сипатын білдіретін
өрнек, нақыш бояуларының молаюы, тақырыптық баюы,
лирикалық композициялық жағынан күрдсленуі,
лириканың қаһарманның есеюі- бәрі-бәрі
60-жылдардағы қазақ лирикасының көркемдік
ізденісінің жемісі60-жылдардың ерекшелігі-жеке адамға
табынудан адамнан мойны сәл де болса босанған шақ еді. Зиялы
қауым жан-жағына ойлы көзбен қараса да, ежелгідей
сақтанудан арыла қоймады.
Бұрынғы
одақтық әдебиет арнасында Евгений Евтушенко, Андрей
Вознесенский, Роберт Рождественский есімдерімен бірге ащы шындықтың
жаңғырығы одақтас республикаларға да жете
бастады. Осы тұста 1961 жылы Қазақстан топырағынан
тұңғыш адамның ғарышқа шығуы
үлкен әлеуметтік оқиғаға айналды. Ол туралы
"Адамға табын, жер, енді" деп, жас ақын
О.Сүлейменов поэма жазды, әдебиетке орыс тілінде жазатын қазақ
ақыны келді.
Ақындар 60-шы жылдарда
әдебиет есігін сезіммен ашты.Қ.Мырзалиев:
Уа, далам! Кеңдігіңе тамсандым көп,
Айта алман бәрін жазып тауыса алдым деп,
Сен - алып пластинка
дөңгеленген,
Инең боп тұрады ылғи ән салғым
кеп !, - дегенде
ақын өзінің
өмірлік кредосын аңғартумен қатар, оның
алға қойған арман-мақсатының биіктігін,
қадамының кеңдігін нәзік лирика тілімен жеткізді. Ал, Т.Айбергенов:
Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын,
Құштарлықтың толғағы мен
көктемі.
Ешкім оған қоя алмайды нүктені,
Өмір деген сәлем емес, өйткені,- деп
ақын өзінің лирикалық бітім-болмысын танытып,
қарпайым ғана оймен күрделі де, қасиетті
жолдағы алғашқы қадамына мән беріп зер сала
сөйлейді.
Бұл өлеңдерден 60-шы
жылдары әдебиетке келген жаңа буынның алғашқы
үндерінен, алғашқы қадамдарынан өнер сапарына
үлкен даярлықпен, азаматтық жауапкершілікпен келгенін
байқауға болады.
Бұл
тұста ақын М.Мақатаев таланты айқын көрінді.
Жаңа өлеңдері біріне-бірі ілесіп жарық көре
бастады., кейін көңілі тола бастған қауым, енді ондайды
місе тұтпай, жеке тұтас топтамаларды, жеке кітапты күте
бастады. Осындай тұста көңілді сәулеттендіретін поэзия,
лирика кітаптары да оқырман қолына тиді. "Баспагерлерге
хат" деген мақаласында Н.М.Қарамзин: "Жақсы кітап
дегеніміз нашар кітаптарға ең үлкен сыншының
өзі" ("Хорошая книга есть самая лучшая критика на дурные
книги") деген болатын. Сондай нашар кітаптарға сыншы болатындай
кітаптар жарық көре бастады. Атап айтқанда,
Қ.Мырзалиевтің "Ой арманы" (1965,) "Дала
дидары"(1966), "Бұлбұл бағы" (1967),
Т.Молдағалиевтің "Зулайды күндер" (1965),
М.Мақатаевтың "Армысың достар" (1966),
"Қарлығашым, келдің бе" (1967), С.Жиебаевтың
"Таң алдында" (1964), Т.Айбергенов "Арман сапары"
(1963), Ф.Оңғарсынованың "Сандуғаш" (1966)
сияқты кітаптары дүниеге келді.
Бұл
кезеңдегі лирикада жалпы адамдық, азаматтық жайлар
бейбітшілік, ғылыми техникалық прогресс, экология және
табиғат мәселері жырланды. Мазмұн мен форма
жаңғыртып, көркемдік ізденіс, дәстүр
жалғастығы дамыды. Азаматтық және адамзаттық
ақыл-ой парасатының арнасы кеңіді. Поэтикалық ойлау
жүйесі алдыңғы 10 жылдыққа қарағанда,
60-шы жылдары өзгеріп, өзінің соны соқпағын
тапты. Туған поэзия топырағында Қ.Мырзалиев есімінің
пайда болуы, "Ой арманы" кітабының жарық көруі
елеулі оқиға болды. Т.Айбергенов лирикасы өзінің
қуатты күшімен, кең тынысымен көпшілікті баурап алды.
Әдебиетке Тұманбайдың келуімен сыршылдық лирикаларды
жазу белсң алса, Қадыр поэзиясының әсерімен ой
айтушылық бағыт басым бола түсті, ал Т.Айбергенов поэзиясымен
әдебиетте жаңа серпіліс күші пайда болды. Төлеген
лирикасын қызықтаушылар көбейгсн тұста, кслесі бір
ақын, яғни М.Мақатаев - өзінің табиғи қуатты
лирикасын ұсынды. Сол сияқты Ф.Оңғарсынова,
М.Шахановтар да ізденіс сапарына өз соқпағымен шықты.
Поэзияның
құдіреттілігі ссзімтал тілден, сазды үннен, адам жанын еріксіз
ерітіп әкететін сиқырлы сөзден екені
белгілі.
Л.Н.Толстойдың:
"поэзияның жәнс поэтикалық ойдың негізі бола
білген алтын діңгекті басқа сшқандай да өнер дәл
сондай етіп суреттеп бере алмайды"-деуі өлеңге берілген
үлкен баға.
"Стиль -
шын талант, ұлы ақын жазушылардың қаламдарына тән
сипат. Кез-келген ақын-жазушылардан стиль іздеу - бекершілік.
Өйткені барлық өлең қиыстырушыларды ақын,
сөз жаза білушілерді жазушы десек қателескен болар едік. Дарын
жоқта - стиль жоқ. Бұл екеуі сабақтас» деген поэзия
зерттеушісі, үлкен ғалым Қ.Жұмалиев пікірі де
нағыз шындық болып табылады.
Дарыны мен стилі
сабақтасқан деп Қ.Мырзалиев пен М.Мақатаевты айта
аламыз. Екеуі екі түрлі ақын. Бір-біріне ұқсамайды.
Шығармашалықтары да екі бағытта, Қадыр Мырзалиев: "ақын - сәби, сәби әсте шындықты
айтар" десе, Мұқағали:
Қалқам,
Мен Лермонтов, Пушкин де емен.
Есенинмін
демедім ешкімге мен.
Қазақтың
қара өлеңі құдіретім,
Онда бір сыр
бар естілмеген,- дейді
"Қара
өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара
көзден неге қан ағызайын"-дейтін ақын қара
өлеңге
бүкіл халқымыздың
сыр-сиаптын сиғызған.
Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын
қайталадым.
...Күпі киген қазақтың қара
өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтармын,-дейді ақын.
Бірде ол:
"Кең дүние төсіңді аш, мен
келемін,
Алынбаған ақым бар сен де менің " деп
шалқып-тасыса, енді бірде:
"Аспанындай қей сәтте күрсінемін,
Жас талындай
жауқазын бүршік едім"-деп,
әуені баяулап төмендсйді де,
кенет оқыстан ғажайып қуатқа енеді;
"Кең дүние керемет қалпыңменен,
Жүрек болып кеудеме кірші менің"
Ұлттық
поэтика әдебиеттің асыл діңгегі. Солай бола тұрса да дәстүр дамымай, дәуір мсн
уақыттың өзгешелігіне орай өз ерекшелігімен
көрінбей қалса, дәстүрдің жасампаздығы
болмақ емсс. Дәстүрдің дәстүр болуы
жаңашылдықпен байып отыруында. 60-шы жылдары әдебиетке келген
ақындар шоғыры дәстүрге сүйене отырып, поэзиямызға
көп жаңалық әкелді. Солардың ішінде ерекшс
көзге түсіп, өз дәстүрімен дәуіргс
үлес қосқаны -Қ.Мырзалиев еді.
Қадыр
Мырзалиев Ғинаятұлы 1935 жылдың 5 қаңтарында Орал
бол. Жымпиты селосында дүниеге келді. 1958 жылы Қазақ
Мемлекеттік университетін ойдағыдай бітірген ол 1962 жылға дейін
"Балдырған" журналында әдеби қызметкер 1962-1965
жылдары "Жұлдыз" журналында поэзия және сын
бөлімдерінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың
орынбасары, кейінірек (1968-1973 ж) "Жазушы" баспасында поэзия
редакциясының меңгерушісі болды. 1973 жылдан бастап
Қазақстан Жазушылар Одағы ноэзия секциясының
меңігерушісі, ал қазіргі уақытта творчестволық
қызметте.
Ақынның
алғашқы өлеңі 1954 жылы "Пионер" журналында
жарияланған. Тұңғыш өлеңдер жинағы
"Көктем" 1959 жылы жарық көрді. Сол уақыттан
бері қырықтан астам поэзиялық, жинақтық,
балаларға арналған және әдеби-сын кітаптардың
авторы. "Жаңғалақтар" (1960 ж.) "Ой
арманы" (1965 ж.) Қазақстан Ленин комсомолы
сыйлығының лауреаты, (1966 ж.) "Ақ отау" (1968 ж.),
"Домбыра" (1971-1974 ж.), "Жер- ұйық " (1976
ж.) Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының (1980 ж.),
"Қорамсақ" (1980), "Қызыл кітап"
(1983ж.), "Шығармалары" (1-3 кітап, 1989 ж )аталатын
бірқатар өлеңдер жинақтарын жариялаған. Дарынды
ақынның көркем де парасатты жырларында Отан, замандас,
табиғаты қорғау, бейбітшілік, адам, өмір, заман туралы
ілгері әлеуметтік, азаматтық ой толғайды. Ол - әлем
әдебиетінің озық үлгілерін өз жырларына дарыта
білген, философиялық-дидактикалық жаңа дәуірге сай
жаңғырта, дамыта жырлаған өзіндік өрнегі бар
ақын.
Әдебиетке
келген алғашқы қадамымен-ақ ұлы
Мұхаңның құрметіне бөленді.
"Қадыр Мырзалиевтің өлеңдері маған өте
ұнады. Мысалы: "Жас ақынға", "Жырға
сыймас нұр көрдім", «Еңбек» деген
өлеңінің өзінде жұртшылық аузына түсе
қоймаған талай оралымдар, шебсрліктер сезілетін сияқты
болады" деп зор баға берді, үлкен үміт күтті,
сенім артты. Үміт пен сенімді серік еткен ақын әдебиет
тарихының төрінде отырмаса да, есік жағында емес екені
ақиқат нәрсе.
8.
Қазақ әдебиетінің тарихы (1960-2000 жылдар)
пәнінен дайындалған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Әдістемелік
нұсқау филология институтының
050205-филология және 050117 қазақ тілі мен
әдебиеті мамандықтарында күндізгі және сырттай оқитын студенттерге арналған.
Әдістемелік нұсқауда
қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960 жылдар
аралығы) пәні бойынша практикалық сабақ және
студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстардың
орындалуына қойылатын негізгі талаптар қарастырылған.
І. Практикалық
сабақтарының мақсаты мен міндеттері.
Практикалық
сабақтарының алдына қойған басты мақсаты –
лекциялық сабақта берілген басты-басты теориялық
тұжырымдарды терең және тиянақты түсіндіру.
Практикалық
сабақтың міндеті – лекцияда берілген материалдарды жете
түсіну, одан әрі нақтылай түсу, қазақ
әдебиетінің тарихы пәні бойынша алған білімдерін практикалық
тұрғыдан пайдалана білу. Сонымен қатар практикалық
сабақ өткізудің алдына қойған ең басты
міндеттерінің бірі – білім алушылардың өз пәндері
бойынша алған теориялық білімдерін нығайта отырып, өз
мамандығы бойынша ұғым-түсінігін жан-жақты
қалыптастыру. Әдебиет пәнінің жанрлық
ерекшеліктерін терең түсіну, әдебиеттердің байланысын
білу, сол сияқты білім алушылардың көркем әдебиетті
қаншалықты меңгергенін, дәлірек айтқанда
көркем шығармаларды оқыған немесе
оқымағанын анықтай түсу.
ІІ. Практикалық сабақтың мазмұны.
Практикалық
сабаққа дайындық барысында студенттер өздеріне
қажетті әр алуан теориялық дерек көздерін
жан-жақты игеруге дағдыландыру, сонымен бірге өзінің
кәсіби мамандығы қазақ тілі мен әдебиеті
пәндеріне сай қажетті ғылыми, зерттеушілік және көркем
әдебиеттерін оқуға дағдыландыру, мамандығына
деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Практикалық сабақ
қамтитын негізгі мәселелер.
Практикалық сабақты
өткізу барысында қамтылатын негізгі мәселелер
студенттердің өз мамандығына және өз пәніне
деген қызығушылығын арттыра түсу, лекция барысында
алған теориялық білімдерін тереңдете түсу. Сонымен
қатар алған білімдерін мектеп бағдарламаларына сай
қосымша оқыта отырып, өздерінің негізгі
мамандықтарына сай тиянақты бағыт-бағдар беру.
ІІІ.Техникалық құрал жабдықтар.
1.
Үлестірмелі материалдар.
2.
Суреттер, портреттер.
3.
Арнайы плакаттар.
4.
Кітаптар, анықтамалықтар, энциклопедиялар,
сөздіктер т.б.
ІҮ. Сабақты өткізу тәртібі.
Практикалық
сабақтардың қамтитын мәселелері сан алуан
болғандықтан сабақ өткізу үлгісі де
әлденеше бағытта жүргізіледі. Әрбір өткізілетін
практикалық сабақ ізденуші студенттердің өз бетімен
ойлауына, ізденуіне қозғау салатын болу керек. Практикалық
сабақты өткізудің мақсаты өзінің тиісті
нәтижесін беру үшін ол сабақтарды да әлденеше формада
өткізуге болады, ондай үлгіде сабақ өткізу
студенттердің қызығушылығын арттыра түседі. Атап
айтқанда практикалық сабақтарды төмендегідей
үлгілерде өткізуге болады:
Семинар
– дөңгелек стол
Семинар
– диспут
Семинар
– сын сабағы
Семинар
– ойын сабағы
Семинар
– саяхат сабақ
Семинар
– пікірталас т.б.
Ү. Практикалық
сабақтардың сұрақтары.
1.Ұлы
Отан соғысы жылдарындағы және соғыстан кейінгі
жылдардағы қазақ әдебиетінің жай-күйі,
дамуы туралы түсінік.Поэзия, драматургия, прозаның дамуы.
2.
Ж.Жабаевтың қазақ әдебиетіне қосқан
үлесі. Ақынның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
өлеңдері. Айтыс өнерінен алар орны.Дастандарындағы
патриоттық сезімдер.
3.Иса
Байзақовтың өмірі мен шығармашылығы,
қазақ поэзиясына қосқан үлесі, поэмалары,
«Құралай сұлу» поэмасының тарихи мәні.
5. С.
Мұқановтың өмір жолы, шығармашылық
өнері. Өлеңдері, поэмалары, «Сұлушаш» поэмасының
көркемдігі. Жазушының қазақ прозасына
қосқан үлесі, романдары. «Адасқандар», «Ботакөз»
романдарының тарихи мәні, жетекшілік ролі.
6.
Ғабит Мүсіреповтің шығармашылық өмірбаяны,
алғашқы кездегі әңгімелері. Жазушының ана
тақырыбындағы шығармалары. «Қазақ солдаты»,
«Оянған өлке», «Жат қолында» т.б. романдарының
қазақ әдебиетінен алар орны, ерекше сипаттары, шеберлік
қырлары, образдар сомдау тәсілдері
7.
Ғ. Мұстафиннің өмірі, шығармашлығы,қайраткерлік
қызметі. Алғашқы кезде жазған әңгімелері.
«Шығанақ», «Миллионер» романдарындағы еңбек
адамдарының бейнесі, образ жасау шеберлігі. «Дауылдан кейін»
романының тарихилығы, көркемдік ерекшелігі.
8.
Ғ.Ормановтың өмірі мен шығармашылығы,
қазақ поэзиясына қосқан үлесі.
Ақынның поэмалары, «Шәуілдір» атты поэмасының
көркемдік мәні, композициясы.
9. Т.
Жароковтың өмірі мен
шығармашылығы, ақыннның эпикалық
көлемді шығармалары, поэмалары. «Тасқын»,
«Тасқынға тосқын» т.б. поэмалары.
10. Х.
Есенжановтың өмірі шығармашылық мұралары,
«Ақ Жайық», «Көп жыл өткен соң» т.б.
романдарының маңызы, әдебиеттен алар орны.
11.
Қасым Қасым Аманжоловтың өмірі,
шығармашылық өнері, қазақ поэзиясына
қосқан үлесі. Ақынның поэмалары, «Ақын өлімі туралы аңыз»,
«Құпия қыз», «Жамбыл тойында» т.б. поэмаларының
қазақ поэзиясына үлесі.
ҮІ. Студенттерге ұсынылатын бақылау
сұрақтары
1. Ұлы Отан соғысы
жылдарындағы және соғыстан кейінгі жылдардағы
қазақ әдебиетінің жай-күйі, дамуы туралы
түсінік.
2.Поэзия, драматургия, прозаның,
публицистиканың дамуы
3. Ж.Жабаевтың
қазақ әдебиетіне қосқан үлесі.
Ақынның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
өлеңдері.
4. Айтыс өнерінен алар
орны.Дастандарындағы патриоттық сезімдер.
5.Иса Байзақовтың
өмірі мен шығармашылығы, қазақ поэзиясына
қосқан үлесі,
6. Ақынның поэмалары,
«Құралай сұлу» поэмасының тарихи мәні.
8. «Абай жолы»
роман-эпопеясының әлем әдебиетінен алар орны, романның
тарихи ерекшелігі, образдар жүйесі, көркемдік мәні, жазушы
шеберлігі.
9. С.
Мұқановтың өмір жолы, шығармашылық
өнері.Өлеңдері, поэмалары, «Сұлушаш» поэмасының
көркемдігі.
10. Жазушының
қазақ прозасына қосқан үлесі, романдары.
«Адасқандар», «Ботакөз» романдарының тарихи мәні,
жетекшілік ролі.
11. Ғабит
Мүсіреповтің шығармашылық өмірбаяны,
алғашқы кездегі әңгімелері. Жазушының ана
тақырыбындағы шығармалары.
12.«Қазақ солдаты»,
«Оянған өлке», «Жат қолында» т.б. романдарының
қазақ әдебиетінен алар орны, ерекше сипаттары, шеберлік
қырлары, образдар сомдау тәсілдері.
13. Ғ.
Мұстафиннің өмірі,
шығармашлығы,қайраткерлік қызметі. Алғашқы
кезде жазған әңгімелері. «Шығанақ», «Миллионер»
романдарындағы еңбек адамдарының бейнесі, образ жасау
шеберлігі.
14. «Дауылдан кейін»
романының тарихилығы, көркемдік ерекшелігі
15. Ғ.Ормановтың
өмірі мен шығармашылығы, қазақ поэзиясына
қосқан үлесі.
16. Ақынның поэмалары
«Шәуілдір» атты поэмасының көркемдік мәні, композициясы
17. Т. Жароковтың
өмірі мен
шығармашылығы, ақыннның эпикалық
көлемді шығармалары, поэмалары. «Тасқын»,
«Тасқынға тосқын» т.б. поэмалары.
18.Есенжановтың өмірі
шығармашылық мұралары, «Ақ Жайық», «Көп жыл
өткен соң» т.б. романдарының маңызы, әдебиеттен
алар орны.
19. Қасым
Аманжоловтың өмірі, шығармашылық өнері,
қазақ поэзиясына қосқан үлесі.
20. Ақынның
поэмалары, «Ақын өлімі
туралы аңыз», «Құпия қыз», «Жамбыл тойында» т.б.
поэмаларының қазақ поэзиясына үлесі.
ҮІІ. Студенттердің өзіндік жұмысын
ұйымдастыруға арналған әдістемелік
нұсқаулар.
Сөж
–тақырыптарына немесе тараулары бойынша:
1. Тарауда немесе
тақырыпта кездесетін анықтамаларды айқындау,
қысқаша (0.5беттен аспайтын) эссе жазу.
2. Тақырып
бойынша әдебиеттерден, интернеттен алынған материалдар негізінде
қысқаша түсініктеме жазу (1-2бет).
3. Глоссарий жазу -
ұғымдар мен терминдер анықтамасын түсіндіріп жазу.
4. Презентация –
таңдаған тақырыбы бойынша студенттің өз ойын,
пікірін, дүниетануын білдіруі және оны қорғауы.
Презентация тақырыпты қалай айқындауы, ашуы,
қызықтыруымен бағаланады (8-10 минут).
5. Іскерлік ойын –
болашақ мамандығына қажетті дағдыларды
қалыптастыру мақсатында келешек мамандығында атқаратын
жұмыстарын ойын ретінде белгілі рольде, топта ойнау (алдын-ала дайындалу
керек).
6. Айқындап,
жағдайды үйрену, нақты жағдайларда қойылатын
сұрақтарға өз ойынша жауап беру немесе жауаптарды
өзінше жобалау.
7. Топтық жоба
– 4-5 студенттен құралған топтар оқу материалы бойынша
оқу жобаларын жасап, оларды қорғайды. КТК (КВН) түрінде
өткізуге болады.
8. Жеке жоба –
маңызды және өте қызық ғылыми зерттеулер нәтижелері,
жетістіктерді қамтитын баяндамалар білім деңгейі жоғары
студенттер ұсынысы бойынша тақырыпқа сәйкес жасалады.
9. Тақырып
бойынша өзін-өзі тексеру сұрақтарына ауызша жауап беру
(10-15минут). Жауаптар тақырып қалай ашылғандығына
және басқаларды қалай қызықтырғанына
байланысты бағаланады.
10. Жазба
жұмыстары модуль бойынша рейтинг бақылау сұрақтарына
жазба түрде жауап жазу.
11. Тестілер
тақырып соңында студенттердің білім деңгейін
анықтау үшін 5минутта өткізілетін тест сұрақтары.
12. Рефераттар мен
баяндамалар. Студент немесе студенттер таңдауы бойынша пән тараулары тақырыптарын
оқып үйреніп, талдау жасап, өзінше қорытынды
шығару.
13. Пікір –
студенттер бір-бірлерінің рефераттарына талдау жасап, өз пікірлерін
жазуы.
14.
Шығармашылық жұмыс – студенттер өз бетінше
өлең, шығарма. әңгіме үлгілері,
публицистикалық еңбектер, новелла, эссе үлгісіндегі
еңбектер жазып, шығармашылық қабілеттерін,
дарындылық қасиеттерін көпшілік алдында таныту, ашу.
Студенттердің
білім деңгейіне байланысты тапсырмаларды жеңілдету немесе
күрделі етіп отыруға болады. Мәселен, барлық
студенттерге кейсті талдау тапсырылса, дайындығы, білім деңгейі
жоғары (1-2студент) студенттерге кейсті жазуға тапсыруға
болады. Барлық СӨЖ тапсырмалары уақытында тапсырылуы
қажет, уақытында тапсырылмаған тапсырмалар төмендетіп
бағаланады (әрбір тапсырмадан кешіккен күніне 0.1 балл алып
тастау).
СӨЖ
ұйымдастыру үшін:
-
СӨЖ тапсырмаларын студенттерге семестр
басында беру;
-
Ағымды және межелі бақылау
түрін дайындау;
-
СӨЖ кеңесінің уақытын
белгілеу.
Студенттерден
А) СӨЖ
тапсырмасының уақытында орындалуы;
Ә) белгіленген
уақытта тапсыруды;
Б) СӨЖ-ге
үлкен жауапкершілікпен қарауды талап ету қажет.
СӨЖ-ді іске асыруға арналған
жоғарыдағы ұсыныстар мен интерактивті әдістерді
қолдану арқылы студенттердің білім деңгейін
көтеруге болады. Интерактивті әдістер студенттің:
-
Тыңдау және өзара қарым-қатынасын;
-
Басқаға жанашырлық таныту, жанкүйерлік қабілетін
дамыту;
-
Көзқарасын дамытуды және түсінуді;
-
Белгісіз сұрақтарға жауап тауып, белгілі мәселелерді
шешуді;
-
Аналитикалық ойлау және өз ойын талдауды
қалыптастырады.
10.
Практикалық сабақтардың әдістемелік
нұсқауы.
Ф.7.11-19
Кіріспе
«ХХ ғасырдың 60
жылдардан кейінгі әдебиет» пәні бойынша практикалық
сабақтарды сапалы түрде, жүйелі үлгіде,
студенттердің қызығушылығы мен білімге деген
құштарлығын арттыра отырып өткізудің мәні
мен маңызы өте зор. Қазіргі уақыт талабы білім сапасын
арттыруды көздеп отыр, сол себепті студент-ізденушілердің лекция
сабақтарында алған білімін одан әрі тереңдетіп,
тиянақтай түсу үшін практикалық сабақтарды
мазмұнды етіп өткізудің маңызы зор екені айқын.
Сонымен қатар бұл практикалық сабақтарда
студенттердің өз бетімен іздену қабілетін, өзіндік
ізденушілігін терең аша түсу үшін де аса қажет деп
ойлаймыз.
І. Практикалық (семинар) сабақтарының
мақсаты
мен міндеттері
Қазақ
әдебиетінің тарихы – қазақ халқының ежелден
келе жатқан дәстүрлі тіл өнері, ұлттық асыл
мұра екенін ұғындыру. Шешендік өнердің қалыптасу
тарихындағы көне грек, рим шешендігінің маңызын
түсіндіру. Көрнекті грек шешені Демосфен, рим шешені Цицерон,
Квинтилиан еңбектерінің ғылыми-теориялық мәнін
аңғарту. Қазақ шешендік өнерінің
қалыптасу, даму жолдарын түсіндіре отырып, әр кезеңнің
шешендік әңгімелерін талдау. Әл-Фарабидің “Риторика”
атты еңбегінің түркі халықтарына ортақ шешендік
сөз өнерінің тарихында алғаш рет талданған
ғылыми-теориялық еңбек екенін студенттерге нақты
тапсырмалар бере отырып, көз жеткізу. Қазақ шешендік
өнері – халықтың дүниетанымын көрсететін ерекше
жанр екендігіне өз бетінше жұмыс жүргізу барысында дәлелдету.
Қазақ шешендік өнерін қалыптастырудағы
би-шешендер сөзінің маңызын нақты мәтіндерді
пайдалана отырып интерактивті, активті әдістермен ашу. Шешендік
сөздердің мазмұны мен құрылысын, шешендік
сөздердің көркем тілдік сипатын, шешендік өнердің
өзге ғылымдармен байланысын жан-жақты таныту.
ІІ. Практикалық (семинар)сабақтарының
мазмұны
Қазақ әдебиетінің
тарихы - көне заманнан
қалыптасқан ғылым. Шешендік өнер теориясының
қалыптасуындағы Платон, Аристотель еңбектерінің
маңызын ашу.Демосфеннің шешендер мектебінің
ұйымдастырушысы болғанын, грек шешендік өнерінің
көрнекті өкілі екенін, Цицерон шешендік өнердің
көрнекті теоретигі болғанын, Квинтилиан Римдегі шешендік
өнерге арналған алғашқы мемлекеттік мектептің
негізін салушы екенін, олардың Рим шешендік өнерінің дамуына
қосқан үлесін айту.
Орхон - Енисей жазба ескерткіштерінің қазақ шешендік
өнерінің қалыптасуында алатын орнын, ауыз әдебиеті мен
шешендік өнердің арақатынасын, қазақ шешендік
өнерін дамытудағы би -шешендердің рөлін, Тәуке
ханның заңдарын, Есім ханның ескі жолын, Қасым
ханның қасқа жолын түсініп, мәнін ашу.
Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысын,
олардың түрлерін, зерттелуін, өзге ғылымдармен
байланысын нақты мысалдармен дәлелдеу.
Сөйлеу кезінде әдеп сақтау, сөйлеудің
логикалық құрылымын ашу және шешен сөйлеу
мәдениетін меңгеру.
ІІІ.
Техникалық құрал-жабдықтар.
Магнитафон,
диктафон, электронды оқу құралдары т.б.
IV.
Сабақ өткізу тәртібі.
Алдын ала берілген
практикалық сабақтың сұрақтары бойынша әр
түрлі әдістермен студенттердің білімін, өз бетінше
іздену шеберліктерін, оқыған материалдарды еске сақтау
қабілетін жан-жақты бақылау.
Ү.Практикалық
сабақтың тақырыбы мен қамтылатын мәселелер
I практикалық сабақтың сұрақтары мен тапсырмалары Шешендік
өнер (риторика) – көне заманда қалыптасқан ғылым
Арасындағы айырманы
зерттеушілердің пікірін пайдаланып түсіндіріңіз?
Анықтамаларды пайдаланып
шешендіктің мақсатын айқындаңыз.
?
ІІ практикалық
сабақтың
сұрақтары мен тапсырмалары Шешендік өнер туралы
алғашқы ғылыми еңбектер
ІІІ практикалық сабақтың сұрақтары мен тапсырмалары Платон,
Аристотель еңбектерінің маңызы
1.
Платон кім? Ол қай кезеңде өмір
сүрген? Оның шешендік өнер тарихынан алатын орны
қандай?
2.
Платонның шешендік өнер дамуына
қосқан үлесі.
3.
Аристотель кім? Ол қай кезеңде өмір
сүрген? Оның шешендік өнер тарихынан алатын орны
қандай?
4.
Аристотельдің шешендік өнер теориясын
дамытудағы рөлі.
5.
Аристотельдің сөйлеудің төрт
бөлігін атап көрсетуі.
6.
Аристотельдің «Риторика» атты еңбегінің
мәні?
IV практикалық
сабақтың
сұрақтары мен тапсырмалары Демосфен – шешендер мектебінің
ұйымдастырушысы
V практикалық
сабақтың
сұрақтары мен тапсырмалары Рим шешендік өнерінің
көрнекті өкілдері.
Цицерон – шешендік
өнердің көрнекті теоретигі
1.
Цицерон кім? Ол қай кезеңде өмір
сүрген? Оның шешендік өнер тарихынан алатын орны
қандай?
2.
Цицеронның нұсқаулары (сөз
құрау, сөз стилі, сөз әзілі, дыбыстық
әдістермен құлпырту).
3.
Цицеронның «Шешен туралы» кітабының
маңызы.
Цицеронның
сөз пәрменділігінің шарты ретіндегі ақыл мен
жүрекке әсер ету
VI практикалық
сабақтың
сұрақтары мен тапсырмалары Шешендік өнер – бүкіл
адамзаттың құнды мұрасы
1.
Шешендік сөйлеу не үшін қажет?
Оның адамзат өмірінен алатын орны қандай?
2.
Шешенге қойылатын басты талаптар.
3.
Қазақ халқының өмірінде
шешен-билердің алатын орны.
4.
«Қазақ - сөзге тұрған халық» дегенді
қалай түсінесің? Оған мысалдар келтір.
VII практикалық
сабақтың
сұрақтары мен тапсырмалары Орхон-Енисей жазба ескерткіштері
– қазақ шешендік өнерінің бастауы
1.
Қазақ шешендік өнерінің тарихынан
Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің алатын орны.
2.
Орхон-Енисей жазба ескерткіштері қай кезең
мұралары?
3.
Бұл ескерткіштерге нақты мысалдар келтір.
Олардың өзіндік ерекшелігі қандай?
VIII практикалық сабақтың саұрақтары мен тапсырмалары
Қазақ шешендік өнері –
ұлттық ауыз әдебиетінің бір саласы
1.
Көне түркі шешендігі жайлы қазақ
халқын құраған ежелгі тайпалардың тарихымен
байланыстыра әңгімелеңіз.
2.
Қазақтың шешендік өнерінің
тарихын зерттеген кімдер? Еңбектеріне шолу жасаңыз.
3.
Зерттеушінің айтуынша, қазақтың
шешендік өнері неше кезеңге бөлінеді?
IX практикалық сабақтың сұрақтары мен тапсырмалары Қазақ
шешендік өнерін дамытудағы би-шешендердің рөлі
X практикалық сабақтың
сұрақтары мен тапсырмалары Қазақ халқының
тарихындағы «Билер кеңесі»
.
ХІ практикалық сабақтың
сұрақтары мен тапсырмалары Шешендік сөздің
мазмұны мен құрылысы
ХІІ практикалық сабақтың
сұрақтары мен тапсырмалары Шешендік сөздер және
оның түрлері
1.
Шешендік арнау іштей қандай салаларға
жіктеледі?
2.
Шешендік арнаудың бата, сын, естірту, жұбату,
көңіл айту, шешендік сәлем т.б. секілді түрлеріне
нақты мысалдар келтіріңіз.
3.
Шешендік дау шешендіктің ең көне саласы
делінеді, неліктен?
ХШ
практикалық сабақтың сұрақтары мен тапсырмалары.
Шешендік сөздердің көркем тілдік
сипаты.
ХV практикалық
сабақтың сұрақтары мен тапсырмалары.
Шешендік
өнердің өзге ғылымдармен байланысы.
1.
Логика және шешендік өнер.
2.
Психология және шешендік өнер.
3.
Философия (даналық ілім) және шешендік
өнер, этика мен шешендіктің арақатынасы.
13.
Студенттердің өз бетінше жұмысына тапсырмалар
1. 1960-2000 жылдарындағы қазақ
әдебиетінің жай-күйі, дамуы туралы түсінік Поэзия,
драматургия, прозаның дамуы. Әдебиеттің даму ерекшеліктері.
2. Ә.Тәжібаевтың қазақ кеңес
әдебиетіне сіңірген еңбегі. Ақынның
поэзиялық мұралары, жаңашылдығы. Поэмалары, поэмасының тарихи маңызы.
3.
Ә.Тәжібаевтың
өмірі мен шығармашылық қызметі, поэзиялық
мұралары, қазақ поэмасын дамытуға қосқан
үлесі.
4. І.Есенберлиннің өмірбаяны,
қайраткерлік қызметі. Жазушының қазақ прозасын
өркендетуге қосқан үлесі, романдары,
5. Х.Ерғалиевтің қазақ әдебиетіне
қосқан үлесі. Ақынның Ұлы Отан соғысы
жылдарындағы өлеңдері.
6. Ж.Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы,
қазақ поэзиясына қосқан үлесі.
Ақынның поэмалары, «Қыран дала»
поэмасының тарихи мәні.
7.Ақынның өмірбаяны мен
шығармашылық мұрасы, поэзиясындағы ерекше сарын,
көркемдік қуат. Махабат лирикасы. Поэмалары,
8. І.Есенберлин. Өмірі мен
қоғамдық қызметі, қазақ прозасын
дамытуға қосқан үлесі..
9. І.Есенберлиннің өмірі,
шығармашылық өнері, қайраткерлік қызметі.
Қазақ прозасын, драматургиясын дамытуға қосқан
үлесі. Алғашқы кезде жазған әңгімелері мен
повестері.
10. «Көшпенділер» трилогиясының
әлем әдебиетінен алар орны, романның тарихи ерекшелігі,
образдар жүйесі, көркемдік мәні, жазушы шеберлігі, әлем
әдебиетінен алатын орны.
11. С.Мәуленовтің өмір жолы,
шығармашылықөнері.Өлеңдері, поэмалары,
поэмасының көркемдігі.
12. Жазушы романдарының тарихи мәні,
жетекшілік ролі. Әңгімелері, драмалық шығармалары.
әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі.
13. «Көшпенділер» романының
көркемдік мәні маңызы, жазушының шеберлігі, образдар
әлемі, образдардың әдебиеттен алатын орны
14. Т.Ахтановтың шығармашылық
өмірбаяны, алғашқы кездегі әңгімелері.
15. «Қаһар», «Шырағың
сөнбесін», т.б. романдарының қазақ әдебиетінен
алар орны, ерекше сипаттары, шеберлік қырлары, образдар сомдау
тәсілдері.
16. Б.Соқпақбаевтың өмірі,
шығармашлығы,қайраткерлік қызметі. Алғашқы
кезде жазған әңгімелері. жазған әңгімелері.
17.
«Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа»
повестеріндегі балалар бейнесі, образ жасау шеберлігі, көркемдік
ерекшелігі.
18. Ә.Нұрпейісовтың
өмірбаяны, шығармашылық сапары, қоғам
қайраткері ретінде сіңірген еңбегі. «Қан мен тер»
трилогиясының қазақ және әлем әдебиетінен
алатын орны, образдары, кейіпкрлердің шынайы бейнеленуі.
19. Ә.Нұрпейісовтың өскен
ортасы, ақындық, жазушылық өнерге келу ерекшеліктері.
Қазақ прозасының көрнекті өкілі ретінде
сіңірген еңбегі, роман жанрын өркендетудегі өлшеусіз
еңбегі.
20. З.Қабдоловтың өмірі мен шығармашылығы, қазақ розасына қосқан
үлесі, әдебиеттану ғылымынан алар орны.
21. З.Қабдолов. Жазушы, публицист, сыншы,
қоғам қайраткері ретінде сіңірген еңбегі,
шығармашылық сапарындағы жетістіктері. «Сөз
өнері»т.б. шығармаларының көркемдік қуаты,
шеберлік сырлары.
22.
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық өнері мен
өнер жолының сарындас келуі, поэзия әлеміне сіңірген
дарын қуаты. Шығармаларындағы ауыр күндер
тарихының суреттелуі, шынайы бейнелей білуі. Қазақ поэмасына
сіңірген еңбегі, «Аққулар
ұйықтағанда», «Райымбек,Райымбек», т.б. поэмалары.
23. Сағи Жиенбаевтың өмірі, шығармашылық
өнері, қазақ поэзиясына қосқан үлесі.
Ақынның поэмалары,
поэмаларының қазақ поэзиясына үлесі.
24. Қазіргі қазақ әдебиеті
туралы түсінік. Әдебиеттің рухани мұра ретіндегі алар
орны.
25. Ж.Нәжімеденовтің өмірі мен
шығармашылығы, проза жанрын дамытуға қосқан
үлесі.
26. О.Бөкейдің өмірі мен
шығармашылық өнері, қазақ повесін дамытуға
қосқан үлесі, жазушының дарын қуаты.
27. ХХІ
ғасырдағы әдебиеттің жай-күйі туралы пікір
сабақтау, ой түю, заман және әдебиет әлемі
жайында пікір білдіру, көркем әдебиеттің жас
ұрпақ тәрбиесіндегі ролін пайымдау.
ҮІІ.
Проблемалық ситуациялар
1.Кеңес кезең әдебиетін
бұған дейінгі әдебиетпен салыстыра отырып, өзіндік
ерекшеліктеріне талдау жасау.
2. 1960-2000
жылдардағы әдебиеттер жайлы зерттеулерді табу,
жинақтау, салыстырулар жүргізу.
3. Әдебиет даму барысындағы
жанрлардың өзіндік даму жағдайларына терең талдау
жасау, теориялық тұжырымдар түйіндеу.
4. Ә.Тәжібаевтың
ақындық өнеріндегі жетістік сырларын ашу.
5. Ә.Тәжібаевтың
поэмаларындағы хандардың, батырлардың образдарын сипаттау,
қазіргі күн тұрғысынан баға беру.
6. Ә.Тәжібаев, Х.Ерғалиев сынды
кеңестік дәуірдің белгілі ақындарының мұраларына ХХІ ғасырдың
көзқарасын білдіру, баспасөздегі қайшылықты
пікірлерді талдау.
7. Жұбан Молдағалиев кезеңіндегі
поэзияның даму ерекшеліктеріне баға беру.
8. С.Мәуленовтің шығыс
тақырыбындағы шығармаларын
осы тақырыптағы өзге де еңбектермен салыстыру.
9. І.Есенберлин және алашорда
өкілдерінің арасындағы байланысты ашу.
10. Жұбан Молдағалиев
ақынның шығыстық, түріктік тақырыпта жазылған
өлеңдердегі қайшылықты ашу, бүгінгі
күннің бағасын беру.
11. Мұхтартанудың жаңа
ғасырдағы көкжиегін көрсету, қайшылықты
пікірлерді, түсінбеушілік салдарларын
салыстыру, баға беру, насихаттау.
12. «Қан мен тер» романындағы терең сырын ашу, тақырыптың бүгінгі
жағдайы жайында көзқарас, өзіндік пікір білдіру.
13. Әбдіжәміл
Нұрпейісовтің әлем әдебиетіне тигізген ықпалын
ашып көрсету, өзге тілдерге аударылу мәселелерін сөз
ету.
14. О.Бөкей шығармаларындағы сан
алуан образдардың қайшылықты тұстары жайында бүгінгі
күннің бағасын, көзқарасын білдіру, көркем
шындық пен тарихи шындықты салыстыру.
15. Әдебиеттанудың жаңа
дәуір рухына сай өркендеуін, ол ғылымның кешегісі мен
бүгінгі жай-күйі жайлы салыстырулар жасау, түйінді ой
қозғау.
16. Ж.Нәжімеденов, С.Жиенбаев,
М.Мақатаев пікірлеріндегі қазақ тілінің хал-ахуалын
бүгінгі күннің саясатымен, бағытымен салыстыру,
баға беру, қандай өзгеріс, айырмашылық барын
бағамдау.
17. С.Мәуленов шығармаларына
сүйене отырып соғыс тарихы мен шындығын көрсету.
18. Т.Ахтанов және қазіргі
қазақ тілінің өзекті проблемалары жайында пікір
дайындау, қайраткердің осы мәселе жөніндегі ойларын
сабақтау.
19. «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы сол
кезеңніңң тарихи шындығын, соғыс салған
қасіретті өзге дерек көздерімен салыстыру, ақиқат
жайында айғақтар жинақтау.
21. З.Қабдоловтың
сөз өнері, ақындық өнер туралы айтқандарына
назар аудару, қазіргі қазақ поэзиясының жай-күйі
жайында көзқарас білдіру.
22. Қазіргі қазақ
поэмалары туралы талдау жүргізу.
24. С.Жиенбаев шығармаларына
талдау жасау арқылы ХХ ғасырдың бас кезіндегі, отызыншы
жылдардағы тарихи жағдайларға
және төңкерістер, қуғын-сүргіндер
ақиқаты жайында ой сабақтау.
25. Жұбан
Молдағалиев поэзиясының қуатын , ақындық шеберлігін
талдау, түсіну, ұлттық рухты оятудағы еңбегіне
баға беру.
26. Әдебиет және
партияның өктем саясаты жайында пікір сабақтау.
27. Әдебиеттегі жеке
басқа табынушылықтың салдарын көрсету, оның
қазіргі қоғамдағы роліне тоқталу.
28. Адамзат баласының рухани
дамуындағы әдебиеттің атқарар ролі жайында пікірталас
ұйымдастыру.
29. Қазіргі қазақ
жастарының әдебиет әлемі жайындағы
көзқарасы, түсінігі жайында диспут өткізу, пікірталас
жасау.
30. Ж.Нәжімеденов романдарының қазақ тарихын
жарқырата көрсететін сипаттарын «Ақ Жайық»
трилогиясынан тауып талдаулар жүргізу, образдар әлемінің
түкпіріне терең бойлау, бүгінгі күннің байламын
айту.
31. О.Бөкей шығармалары бойынша экологиялық
тақырыпта пікір сайысын ұйымдастыру. Экологиялық
тәрбиенің қазіргі бағыты жайында ой бөлісу.
ҮІІІ. Пайдаланған әдебиеттер
1. Қаратаев М.,
Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет әдебиеті.
Оқулық. – Алматы: Мектеп, 1971.
2. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр
басындағы қазақ әдебиеті. Оқулық. –Алматы:
Білім, 1993.
3. Кәкішев Т.
Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық.
–Алматы: Санат, 1975.
4. Сүйіншәлиев Х.
Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқулық. –Алматы:
Санат, 1997.
5. Қоңыратбаев
Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқу
құралы. –Алматы: Санат, 1994.
6. Қирабаев С. Кеңес
дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Оқу
құралы. –Алматы: Білім, 1998.
7. Бисенғали З.К. казахская
проза начало ХХ века. Учебное пособие. –Алматы: Қазақ университеті,
2002.
8. Дәдебаев Ж.Д.
Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы.
–Алматы: Қазақ университеті, 2002.
9. Қазақ әдебиетінің тарихы.
3 том. 6 кітап. А., Қазақ
ССР Ғылым Академиясының баспасы.
1962 – 1967 жылдар.
10. Қазақ совет
әдебиеті
тарихының очеркі. А.,
Қазақ ССР
Ғылым
Академиясының баспасы. 1958 жыл.
-512 б.
11.
Қазақ
әдебиеті.
Энциклопедиялық
анықтамалық. А., «Аруна»,
2005. -576 б.
12.
Қазақ совет
әдебиетінің
мәселелері. А.,
Ғылым Академиясының баспасы.
1960.-224 б.
13
Қазақ
әдебиетінің
тарихы. Он томдық.
7-8 – томдар. Кеңес дәуірі (1917-1940), (1941-1956). А.,
«ҚазАқпарат»,
2004. -462-520 б.б.
14. Қазақ әдебиеті. Энциклопедия.
А., «Білік», 1999. 750 б.
15.
20 – 30 жылдардағы қазақ әдебиеті. А., «Ғылым», 1997.
-512 б.
16.
40 – 50 және 60
жылдардағы
әдебиет. А., «Ғылым», 1998.-400 б.
17.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің
тарихы. А.,«Санат»,1997. -928 б.
18. Мүсрепов Ғ.
Таңдамалы. Үш томдық.
А., «Жазушы». 1980.
– 544 б.
19.
Мұстафин Ғ. Бес
томдық
шығармалар
жинағы. А., «Жазушы».
1981. – 384б.